Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


III тарау. Қазақтың халық философиясының



Pdf көрінісі
бет214/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

III тарау. Қазақтың халық философиясының
дүниетанымдық ерекшеліктері
мүлгуге тоя алмаймын, [4, 95 б.] деген Абай Құнанбаевтың толғанысы 
адамның таным мүмкіндігінің хаққа бағытталып, тынбай ізденісте 
болуына нұсқай отырып, салқын ақылдың мүмкіндігінің шектеулі 
екенін де айтады.
«Ғашықтары хаққа қарап зар еңірер
Махаббаттың дариясына шомып, кірер. 
Гауһар алып, ғашығына зарын тербер
Тамшы жасы жер әлемді көл қылар. 
Ғашық гауһары дария тұңғиығында жатар болар
Жаннан кешіп гауһарды алған жанан болар» [5, 318 б.] деп жырлайды 
Қожа Ахмет Ясауи. Асыл гауһар – хақиқат жолында жан 
қиған хаққа ғашық арифтің «хәл» (транс) – «мастық» күйінде ғана 
иеленер ілкі ілімі ретінде танытады. Бұл ғұлама көзқарасының 
гносеологиялық қырларын көрсетеді. Ал осы үрдістің өзінің дәстүр 
сабақтастығын үзбей жалғастық табуын кейінгі жырау абыздардың 
шығармашылығынан да аңғарамыз.
Таза мінсіз асыл тас 
Су түбінде жатады, 
Таза мінсіз асыл сөз 
Ой түбінде жатады. 
Су түбінде жатқан тас 
Жел толқытса шығады. 
Ой түбінде жатқан сөз 
Шер толқытса шығады [6, 10 б.], – 
деп Асан Қайғы айтқан сөзде де адамның жүрек түбінен ғана табылар, 
асыл ілімге меңзейді.
Жалпы сопылық ілім, сондай-ақ Қожа Ахмет Ясауидің хәл ілімі 
адамның өзін-өзі тануындағы басты мақсаты рухани кемелдену 
деп біледі. Ол үшін адам өз бойындағы рух пен нәпсіні танып
ажыратуы қажет, рухты өсіру үшін оның мұқтажын біліп, іздеп 
табу керек. Нәпсінің қажеттігін тежеп, алдауына ермеуге тырысқан 
жөн. Нәпсі – адамның топырақтан жаратылуымен байланысты
оның бұл дүниелік өмірге байланатын табиғаты, оның асыл қасиеті 
рухқа қарама-қайшы күш. Сондықтан адамның нәпсісін оны 
жерге тартып, бұ дүниеге байлайтын хайуандық табиғатымен, ал 
адамның рухын жоғары ақиқатты тануға ұмтылатын періштелік 
сипатымен ұштастыра түсіндіреді. Адам нәпсі қалауымен кетсе 


218 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет