І тарау. Қазақ хандығы дәуіріндегі ұлттық бірегейленудің философиялық негіздері әйгілірек болған жыр сүлейлерін халық шеберлік деңгейлеріне сай
құрметтей білген. Дипломатия, тарих, философия, мораль, теология
– міне, жырау мен ақындардың өз мойындарына алған тізімі толық
емес міндеттері мен мақсаттары.
«Адам зердесiнiң ұлылығы» деген тұжырыммен Асан қайғы
адамзатқа деген ықыласын, әлемге деген көзқарасын бiлдiрiп отыр-
ған. Ол «Адам» деген деген ұғымды, оның «Ақылымен», «Зердесiмен»,
«Парасаттылығымен» байланыстырып, зердені адамдық Мәнге айнал-
дырған. Өйткені адам ақылын жер бетiндегi әдiлдiк пен адалдық,
бақыт пен қуаныштың орнауына негiз болатын құбылыс деп атаған;
адамның ақыл-парасат күшiн тәрбие мәселесiне, рухани тазалыққа
бағыттайды және көпшiлiктi әдепке, тәртiпке, осындай адамгершілік
қажетін өтеуге шақырған. Асан Қайғының пайымдауынша, адам
өзiнiң әрбiр iсiне есеп берiп отырғаны абзал. Ал күйкi тiрлiктiң
жалған құндылықтарын қуған пендеге тәккәппарлық, ғайбатшылық,
қызғаншақтық, мақтанқорлық қасиеттер үйiр болады. Олар адамның
өз басына ғана зиян әкелiп қоймай, сонымен қатар өзiн қоршаған
жақын адамдардың тағдырын бұзады, бақытсыздық қайтарымын
күшейтуі әбден мүмкiн. Бақ пен қыдыр әлемге тарау үшiн Адам өзiн
күнде тәубеге шақырып, рухани тазаруға ұмтылуы шарт.
Арғымаққа мiндiм деп, Артқы топтан адаспа. Күнiңде өзiм болдым деп, Кең пейiлге таласпа. Артық үшiн айтысып, Достарыңмен санаспа. Ғылымым жұрттан асты деп, Кеңессiз сөз бастама. Жеңемiн деп бiреудi Өтiрiк сөзбен қостама [3, 10 б.].
Табиғатты қабылдау, оның барлық сұлулығын жан-тәнімен
түсіну, терең мәніне бойлау, оны өмір игілігіне жарату кез келген
адамның қолынан келе бермейтініне тоқталады. Әрқайсымыз
үшін, қоршаған ортамыздағы керемет әсемдік әлемін қадірлей
білу адамдық парыз. Өйтпесе «табиғат жетімсіреп – өз әсемдігін
жоғалтпай ма?» – деген сауал қояды халайыққа.
Қолда жүрген қоңыр қаз Қыр қадірін не білсін.