Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


III тарау. Қазақтың халық философиясының



Pdf көрінісі
бет238/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

III тарау. Қазақтың халық философиясының
дүниетанымдық ерекшеліктері
Ең бастысы ескі жырдың бояуы жыршының өз өмір кеңістігіндегі 
келісті бояудай-ақ құлпырып тұр. Бұл сыртқы жылтырақ әлем-
жәлем бояу емес, сезімге әсерлі, ерекше келісімді көкірек көңілге 
жол табар, сырлы әлемге бастайтын өлең өрнегі. 
Құлпырмай ма тау мен жер? 
Ескі жырды көрсеңіз, 
Ойланып көңіл бөлсеңіз, 
Сырына баға берсеңіз, 
Таң қаларлық ісі бар, 
Көңілді тартар күші бар, 
Асықпай тыңдап шыдаңдар!» [8, 140 б.]. 
Жыршының жыры дала тағысының, қыр еркесі ақ бөкеннің 
табиғат аясындағы келісімді тіршілігімен, бұлдырай зырқыраған 
желісіне ұқсайды. Жырау жырының ең басты ерекшелігі адамның 
бойын исіндіріп әсер етеді. 
«Мініңді тырнап ашытар, 
Жігеріңді тасытар, 
Тәтті сөзі балдай боп, 
Насихаты шамдай боп, 
Қасиеті қандай көп, 
Елжіретіп сүйекті 
Бергендей боп тілекті
Қышыған жерді қасытар, 
Міне, осыны біліп ал!» 
Жыраудың жырын бірде жайдары желге, буырқанған боранға, 
жел жетпес құланға, асау өзен, мөлдір суға, қыран құстың самғауына 
теңей суреттей отырып, «Ескі жырда көрнеу тұр осының, бәрі білініп, 
Ақынның сырын кім аңдар!» – дейді. Жырау жырының бірінші қасиеті 
қозғалыс деп біледі. Көшпенді тұрмысына тән қозғалыс жырау жырын 
кернеп, еркіндікке, бостандыққа шақырады. Еркіндік пен қозғалыс 
тығыз байланысты ұғымдар, қозғалыстың мәні – еркіндік, бостандық. 
Себебі қозғалыстың уақыт пен кеңістікке тәуелділігі мен қозғалыстың 
еркіндікке ұмтылуынан мағына туындайды. Қозғалыс оларға тәуелді 
бола тұрып қозғалысы арқылы оларды мағынаға толтырады. Егер 
ол кеңістік пен уақыттан тәуелсіздік алса да мәнін жоғалтпаса керек 
мағынасын қалдырғанмен. «Жаралыс басы қозғалыс оған да керек 
қолқабыс» дегендей, ол мән қалпында қайтадан өзіне қолқабыс 
беруші мән қалпына – түп иесіне оралады. Себебі ол мән уақыт пен 
кеңістіктен тыс. 


242 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет