III тарау. Қазақтың халық философиясының дүниетанымдық ерекшеліктері Асқар таудай әкеге Ұл қышқырған замана. Қылсаң жұмыс бітпейтін, Күн қысқарған замана. Бай қайырып байланым, Түн қысқарған замана. Мәстек-жабы жалданып, Бағалы болған замана. Ұл сыйламас атасын, Қыз сыйламас анасын. Түсі сары, көзі көк Дінсіз келіп билейді Түбінде содан татасың» [11, 138 б.]
«Заман, заман, замана» қайталауда болсын зар заман, тар заман
деген қолданыста заман сөзіне зор мағыналық, экспрессивтік мән
жүктеледі. Заман сөзінің өзі уақыт өткіншілігін айғақтаушы сөз.
Бүкіл мекенімен, кеңістігімен, ел-жұртымен, осы елдің тұрмыс-
салтындағы ниет-пиғылындағы қауырт өзгерістердің бүкілін замана
сөзіне сыйғыза сөйлеудің өзіндік мәні бар. Жырау жырларын оқи
отырып, заман-уақыт ұғымы бола тұра, шындығында, уақыттың өзі
жоққа шығатын соңғы сызыққа, межеге заман ақырға, таусыншақ
күнге жылжып, жақындаған сайын құлдырай жылдамдық қосып
келе жатқан қозғалыстың атауы, тағдырға барабар ұғым. Бұл болжал
өлеңдердің тағдыр өкімін естірту сарынымен қатар бұл зұлмат
қатердің өзі адам ниет-пиғылының бұзылуы мен ақымақтық, рухани
азғындауының салдары деген тағылымдық тұжырымы да бар.
Мұсылман болсын, кәпір болсын бір Адам Атаның баласы дейді.
Адам Ата пайғамбардың топырақтан жаралуын еске алу арқылы
оның тән атасы екенін айқындайды. Яғни бүкіл адам баласының бір
атаның баласы екенін еске алып, бауырмалдыққа шақырады, алыс-
беріс қатынас, дәм-тұзын адалынан пайдалан дейді. Қазақ салт-
дәстүрінде дәмдес болу – бауырласу белгісі.
Адамдардың өзара бауырмалдық тұрмыс-тіршілігіндегі
қоян-қолтық араласуын, әлеуметтік-экономикалық қатынасқа
түсуін құптайды. Алайда, ақынның дұшпан деп түсінуі кәпір
деп қауіпсінуі иманға қол сұғар ішкі рухани еркіндікті тарылтар
отарлау әрекетіне байланысты. Демек, ақынның мұсылман-кәпір
деп бөлінуінде өзіндік парық бар. Ясауидің кәпір болса да берме
азар деген қағидасымен үндестікті одан да көреміз. Мұсылман діндес
бауырларын өзге дін халық өкілдеріне дұшпандыққа, жаулыққа
тәрбиелеу мақсатын көздемейді. Жырау үшін жетілген қоғамның