IV тарау. Қазақ даласындағы еркіндік құбылысының этникалық дүниетанымның іргетасына айналуы нәрселер – әрбір сондай қоғамдасудың өзіне ғана тән белгілі бір
ерекше құндылықтар жүйесі екендігі туралы идеяны философия,
саясаттану және дінтану институтының бір топ зерттеушілері
дамытып келеді [1, 253–254 бб.].
Осы тұрғыдан алғанда көшпенділер қоғамының өзіндік бір
құндылықтары болуы тиіс. Бірақ көшпенділерді, тіпті одан да
кең ауқымда бүкіл шығысты зерттеушілердің кейбіреулерінің
көшпенділер туралы тұжырымдары мен бағаларына қысқаша
тоқталып өткен дұрыс болар. Ағылшын тарихшысы, өркениеттер
мен мәдениеттер туралы белгілі концепцияны ұстанушы А.
Тойнбидің «Постижение истории» деп аталатын еңбектер жинағында
көшпенділер өркениеті дамудың ең дөрекілік кезеңінде тоқырап
қалған, жабайы құрылым түрінде сипатталады. Номадтардың
жүйесін А.Дж. Тойнби тоқыраған өркениеттер қатарына жатқызған.
Оның ойынша табиғаттың өмір сүруге қиын аса қатаң жағдайларына
бейімделу көшпенділердің ілгері өркендеуіне мүмкіндік бермеді.
Олар сондықтан аса тұрпайы іс-әрекеттер деңгейінде ұзақ ғасырлар
өзгеріссіз тоқтап қалды. Мұндай қалыптардағы халықтардың шын
мағынасында тарихы жоқ. «Насильственно сковывая человеческий
разум, низводя функции человека к искусственно выработанной
сумме навыков и умений, эскимосы, кочевники, османы и спартанцы
предали свою человеческую сущность. Они встали на порочный путь,
ведущий от гуманизма к анимализму, – путь, обратный тому, что
проделало Человечество, стимулиремое величайшими творческими
актами живой истории Вселенной [2, 208 б.].
Осы көрнекті тарихшының осы сөздерінен бүкіл Батысқа тән
басты құндылықтың не екендігі көрініп тұр. Мәдениеттің, өркениеттің
биіктігі мен төмендігін анықтау үшін не нәрсе өлшем болады деген
сауалға жауап: – табиғат күштерін адамдар қаншалықты игере алады,
адамдардың табиғатқа үстемдігімен, соның деңгейімен. Өнеркәсіп
қаншалықты дамыған, ғылым мен техника адамдарды қаншалықты
құдіретті ете алды, өмірді, күнкөрісті қалай жақсартты? Олардың
ар жағында билік пен үстемдік тұр. Осы өлшемдер ғана прогрестің
мәнін құрайды.
Жаңа дәуірде осындай құндылықтар алға шыққаны белгілі.
Олар адам дамуының бірден бір белгісі, ең айқын көрсеткіші.
Солармен қаруланғандар ғана табиғатқа, басқа адамдарға үстем
бола алады. Батыс адамы байлықпен, біліммен, техникамен, берік
ұйымдасу жолдарымен қаруланған сайын басқа дүниені өзіне
бағындыра берді. Ақырында, бүкіл Әлем батыстық осы мағынада
дамыған халықтарының қолына өте берді. Халықтардың, елдердің,