І тарау. Қазақ хандығы дәуіріндегі ұлттық бірегейленудің философиялық негіздері Асан Қайғының дүниетанымы өз заманына сай айшықтардан
құрылғанымен (әркiм өзi өмiр сүрген әлеуметтiк ортаның түлегi жә-
не тірегi) ұлыларға тән қасиетпен өз халқының болашағын пайым-
дап болжаумен болған. Ол күнделiктi күйкi тiрлiктiң ұсақ-түйек
мәселелерiнен биiгiрек тұрған сом Тұлға.
Реалистiк, нақты тұрғыдан қарастыру тәсiлi – Асан Қайғы
дүниетанымының өзегi, сондықтан заттар мен құбылыстардың мiн-
деттi түрде бейнесi мен кейпi болуы, халықтың дүниенi қабылдау
дәстүрлерiне сай сипатталуы – бұл ерекшелiк далалық философия-
ның бiр қыры. Әрине, әрбiр сөздiң көп қатпарлы астары бар екенiн
де есiмiзден шығармайық. Мiне, сондықтан сезiмдiк қатынастарды
жүйеге келтiру өнерi, рационалдық деңгейге көтеру талпынысы
Асан Қайғы дәуiрiндегi iрi жетiстiктер қатарына жатады. Қазақтың
қоғамдық ой-пiкiрiнде әлемдi тану, ой тұжырымдау саласының
ерекше бiр бағыты өркендей түстi. Сөйтiп, қазiргi мағынадағы
ғылыми танымға жатқызбағанмен әлеуметтiк таным практикасының
байыптау табалдырығы қалана бастады, iргесi көтерiлдi.
В.П. Иванов атап өткендей, бұл әлемді байыптау біртұтас қам-
тудың, игерудің сол дәстүрге сәйкес бірден-бір тәсілі еді [7, 57 б.].
Осы жағдайда үйлесімдік, тұтастық және кемелденгендік идеясы
негізгі өзекті идеяға айналып, дүниетанымдық айшықтардың нағыз
қайнар көзіне айналды. Байыптау ұғымын жан-жақты зерттеуші
Қ.Ш. Нұрланова оны Ғаламды танып-білудің өзіндік тәсілі, өмірге,
болмысқа философиялық қатынастың негізгі ретінде қарастырады.
«Байыптау – өте бай әлемдік қатынастың мәдениет ретінде дамыған
қиял (воображение) қасиеттерімен тікелей байланысты. Тұтас ғалам-
ға деген шынайы қатынастың мағынасы әсемдік пен мәңгілікке деген
тиісті бағамен анықталады. Бай қиялдың арқасында, интуицияның
көмегімен Ғаламдық шартараптың көмескі тұстарын «қамтып» оты-
руға мүмкіндік ашылады. Әлемнің шексіздігі, кеңдігі, ұлылығы оның
бірте-бірте ғана сырын адам баласына байқататындығында [8, 57 б.].
Міне, осындай қарым-қатынастар белең алған әлеуметтік
дүниеде тәкелей қабылдау, сезімталдық, байыптау арқылы әлемнің
болмыстық мәнін ашу дәстүрі терең тамыр жайғандығын білдіреді.
«Адамның ұлылығы, оның белсенділігі тек қана іс-қимылынан ғана
байқалып отырмайды, сонымен қатар ол Ғаламды, Әлемді, Болмысты
дұрыс түсіне білу, оны байыптау тұрғысынан байқалады.
Сөйтіп, адамның ішкі мағынасы оның әлемге деген сан қырлы
қаты-насын қамтиды (танымдық, эстетикалық, байыптау және т. б.
өмір мен өлімге деген адамның шынайы көзқарастары) және ол адам-
ның тұтастығын танытады.