Қазақ философиясы тарихы (ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
конфессияның өкілімін деп, салт-дәстүрдің көбісін сақтағанымен на-
ғыз дінге сенушінің деңгейіне көтерушілер ілеуде біреу екені белгілі.
Өкінішке орай тарихта «көппен көрген ұлы той» дегендей сыртқы
көрінісі ғана басқалар сияқты дінді жақтаушы болғандар қаншама
десеңізші. Шын мәнінде дінге сену деген – Ақиқатқа, үйлесімділікке,
өмірдің әділеттілігіне сену, үнемі қайырымдылық жасаудан жаңылмау.
Туған жерге деген махаббат, отансүйгіштік Махамбет жырла-
рында оның саяси-құқықтық мұраттарымен астасып жататынын
профессор С. Өзбекұлы жақсы көрсеткен болатын («Егемен
Қазақстан» газеті, 29 тамыз 2003 ж.). Әрине далалық демократияның
өзінің даму деңгейіне сәйкес кемшілігі де жетістігі болары анық. Бірақ
Махамбет заманында әлеуметтік әділетті қоғамды деген стихиялық
ұмтылыс өз нәтижесін беруі екіталай еді және әділеттілікті орнату-
дың бір ғана жолы бар деген түсінік жетекші рөл атқарған уақыт
болатын. Ол, негізінен, «күшке қарсы күш қолдану» деген принцип.
Дегенмен ежелден бұл әрекеттер өзінің тиімді нәтижелерін әлеумет
үшін бермегенін тарихтан білеміз. Әр елдегі көтерілісшілердің
(сонау Спартактан бастап орыстың Е. Пугачевына дейін, Париж
комму-насы мен социалистік революция болсын) діттегені біреу-ақ
болатын – ол қоғамда белгілі адами түсінік деңгейіндегі әлеуметтік
әділетті қоғамды құру бола-тын. Бірақ бұл талпыныстардың бәрінің
нәтижесі кереғар болып шықты. Осыдан заңды сұрақ туындайды:
«Әлеумет-тік өмірде адам үшін әділеттілік деген болуға тиісті ме?
Әлде үнемі күштілердің ғана мерейі үстем бола бермек пе?» Адами
тұрғыдағы әділеттілік ешқашанда абсолютті ақиқаттың, қасиетті
рухтың, әлемдік дамудың логикасына сәйкес, рухани дамудың
соқпағына пара-пар болатын әділеттілікпен тең және дәлме-дәл
келе бермейді. Халықтың өзін-өзі, өзінің даму жолын анықтау, құқы
әлемдегі бір мемлекеттің басқа мемлекеттерге басымдық көрсет-
пеуінің бірден-бір формасы. Адами әділеттіліктегі кемшілдік оның
рухани жетілмеулерінен, зерделік үстірттікпен астасып жатады.
Дегенмен тарихи тұлғалардың артында қалдырған рухани іздерінде
кейінгі ұрпаққа деген үлкен сабақ бар. Міне содан үйрену арқылы
жаңа бағдарламалар жасауға, әлемді танудағы, оны игерудегі жаңа
қырларды ашуға болады. Мәселен, әлеуметтік дүниені өзгертудің
сан түрлі жолы бар. Соның ішіндегі ең жемістісі, жасампазы –
қырғын қан төккен көтеріліс емес, өмірді шығармашылық арқылы
игеру болып табылады. Махамбеттің тарихта ең қастерленетін, құр-
меттелетін еңбегі өзінің дүниетанымын көркем сөздермен, жыр
жолдары арқылы жеткізе білгенінде және сол тарихи кезеңге сәйкес
келетін қайшылықтар нұсқасын таратып беруге талпынысы болып