IV тарау. Қазақ даласындағы еркіндік құбылысының этникалық дүниетанымның іргетасына айналуы емес дегенді айтады. Мұрат ақын кейде құтсыз қонысты тастай
қашуды да уағыздайды. Бірақ қайда? Оған жауап бере алмайды.
Орыс үкіметінің баланың санын алып, мал мен басты есептеп хатқа
түсіруін құбыжықтай көреді.
Мұрат ақынның «Үш қиян» дастанында ел тағдырына байланыс-
ты көкейтесті ойлары: халықтың тұрмыс-тіршілігі, өкініші мен күдігі,
арманы мен үміті, жұрт бақыты мен ертеңі, жер, қоныс туралы
толғаныстары пайымдалған. Ақынның түсінігінше, ел болашағы
барынша бұлдыр, мұнартқан сағым секілді болып көрінеді, сол
себепті ол өткенді ойлап, соның қаймағы бұзылмай қайта оралуын
көксейді. Бұл жырлар Шортанбай, Дулат шығармаларымен терең
үндесіп өзара астасып отырады. Дәл осы сарынды Мұраттың
«Сарыарқа» туындысына да тән деген жөн. Мұнда да «Үш қияндағы»
секілді Ресей империясының қанау-тонау саясаты туралы ой ашып
айтылады.
Еділді тартып алғаны – Етекке қолды салғаны. Жайықты тартып алғаны – Жағаға қолды салғаны. Ойылды тартып алғаны – Ойындағысы болғаны», – [2] дейді.
Зар-заман ақындары әлеуметтік жіктелу процесіндегі таптық
мәнді түсінбеді. Олардың қазақ қоғамын жөндеу жолдарын көрсетуге
тырысуларының іске аспауының себебі осында. Мәселе байлықта
немесе кедейлікте емес, қазақтар өздерінің өткенін ұмытып, ата-
бабаларынан қалған рухани құндылықтарын жоғалтқан деп түсінді
олар. Халықтың өмірінде зорлық-зомбылық, өсек, өтірік, қулық,
ақымақтық орын алды, тіпті мал да өзгеріп кетті дейді. Зар заман
ақындары қазақ өміріне қарап, көңіл жұбатарлық ештеңе таппайды.
Терең мұңға беріледі, олардың шындық іздеген жан дауыстарын
ешкім естімейді.
Дұрыс бастар басшы жоқ, Әділетке шөлдетті. Татуға өсек жүргізіп, Бәленің отын өргізіп, Қайран заман, аман бол, Ер шөгіп, өсер ер жетті.