Қазақ философиясы тарихы (ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
Мұрат ақын тығырықтан шығудың жолын білімнен іздейді.
Мына өлеңнен оның көрегендігін көреміз.
Кейінгі туған баланың Ұстай ма деп білегін, Шая ма деп жүрегін, Шашын, мұртын қойдырып, Ащы суға тойдырып, Бұза ма деп реңін, Адыра қалғыр заманның Мен жаратпаймын сүреңін!.. [2, 217 б.] дейді.
«Бұл орайда Мұрат ақынды пайғамбар демеске амал жоқ. Оны
шошытқан заманның сүреңі орыстандыруға бағыт алған саясат
болатын. Бұл саясат патшалық Ресей кезінде де, Кеңес дәуірінде де
өрши түсті десе де болады,- дейді Қасымбек Бейсенов. – Ұлтжанды
ақындарымыз аса сезімталдықпен, көрегендікпен болжай білді. Біз
оның жетпіс жыл бойы куәсі болдық. Енді зар заман ақындарын
ұлтжанды ақындар деп айтатын уақыт жетті» [4, 155 б.].
Зар-заман ақындары өз заманының білгірі, өз уақытының
адамдары еді, дүниетанымы да сол уақытқа сай болды. Өткеннің
кеткенін, қайтып келмесін түсіне де білді. Олар көреген данышпан
еді, өз жырлары арқылы соны бізге жеткізген шынайы суреткерлер
еді. Олардың шығармашылығының негізі ұлтжандылық, ұлттық,
отансүйгіштік, тәуелсіздік үшін күрес идеясы болды.
Әдебиеттер 1 Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 192 б.
2 Бес ғасыр жырлайды. 2-томдық. – Алматы, Жазушы, 1989. – 1 т. – 203 б.
3 Турсунов Е.Д. Истоки тюркского фольклора. Қорқыт. – Алматы, Дайк-
Пресс, 2001. – С. 48.
4 Омарұлы Б. Зар заман поэзиясы. Генезис, типология, поэтика. –
Алматы, Білім, 2000. – 140 б.
5 XVІІІ–XІX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары. –
Алматы, 1993. – 147 б.
6 Бес ғасыр жырлайды: ХV ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезіне дейінгі
қазақ ақын-жырауларының шығармалары. Үш томдық. (Құрастырған.
М. Мағауин, М. Байділдаев). – Т. І. – Алматы: Жазушы, 1984. – 256 б.
7 Әуезов М.О. Әдебиет тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991.
8 Бабатайұлы Д. Замана сазы. – Алматы, 1991. – 160 б.
9 Бейсенов Қ. Қазақ топырағында қалыптасқан ғақлиятты ой кешу
үрдістері. – Алматы: Ғылым, 1994. – 168 б.