IV тарау. Қазақ даласындағы еркіндік құбылысының этникалық дүниетанымның іргетасына айналуы қазаққа зияннан басқа пайдасы тимейтіндігін түсінді. Олардың
шашбауын көтеріп, өзінің де құлқынын ойлаған бек, болыстарды
шайтанға теңеді. Сауда-саттықтың ене бастағанынан ақырзаманның
нышанын көрді. «Тар заман» поэмасында:
Мынау заман, қай заман, Азусызға тар заман, Азулыға бар заман десе. «Опасыз жалған» өлеңінде теңсіздік мәселесін ашық айтады.
Шортанбай өз заманын тек бақылаушы ғана болған жоқ, оны өзінше
жөндемекші де болды. Өз кезіндегі ел басшыларын да, дін басы
молдаларды да сынап, болыс, билердің қылығын ашына айтты.
Молдалардың халықтың көзін бояп, сорып жатқан қанаушылар
екендігін де көрмей кете алмады. Олардың дінді құрал етіп отырған
екіжүзділігі, халықты жеудегі амалдарын толық көрсетеді. Мұндай
жағдайдан халықты қалай алып шығуға болады деп торығады.
Ақын адамның мінезіне ерекше көңіл бөледі, жақсы адам өз
мінезіне қарауыл қойып, жауап беріп отыру керек дейді. Адам
санаулы өмір жолын есепсіз, мәнсіз өткізіп алмай, нәтижелі, нәрлі,
пайдалы өткізуі абзал. Керексіз, өнімсіз іспен шұғылданбай, еліне,
халқына, өзіне, жақын-жуығына керекті тиімді әрекеттер істей білуге
дағдыланғаны жөн дейді. Жамандық пен жақсылық, адамдық пен
арамдық арасын ажырата білуге, достық пен қастық, шындық пен
жалғанды айырып, бірін жақтап, екіншісіне қарсы тұруға шақырады.
Талапты жас, ең алдымен оқуға әуес болуы керек. Өнер, білім тек
оқумен келеді. Тәлім-тәрбие алған жас ойлы, өнерлі боп өседі.
Арамдыққа, зұлымдыққа бармайды. Олар құдай жолына да, адам
үшін де аянбай еңбек етуге тиіс. Дүние, өмір қызығына алданбай,
қиындыққа төзіп, ізденуді қолдайды.
Шортанбай туралы пікір айтқан кейбір зерттеушілер оны
өмірден түңілген жігерсіз, қайғы мен зардың ақыны деп келді.
Оның өлең жолдарынан ақынның бойындағы басым күш – түңілу
емес жігерлілік, үмітсіздік емес батыл күреске үндеу, оптимистік,
патриоттық сезім екенін көреміз.
Шортанбай ақын заманында бұдан артық елі мен халқының
қамы үшін адал қызмет ету екіталай. Біздіңше, халқының тағдырын
ойлаған ақынның жарғақ құлағы жастыққа тиген жоқ. Ел-жұртының
қасіретін арқалап, бойындағы бар күшін сол үшін сарп етті. Сол
тұстағы қоғамның жай-жапсарына қарай әрекет жасап, жатпай-
тұрмай халқын үгіттеп, ілгері жетеледі. Ел ішіндегі әр түрлі