Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институты туралы мәлімет Институт 1999 жылдың ақпан айында 1958 жылы ашылған Философия
және құқық институтының және 1991 жылғы Философия институтының
негізінде құрылды. Ол 2012 жылдың мамыр айында ҚР Үкіметінің қаулы-
сымен Философия, саясаттану және дінтану институты болып қайта аталды.
Институттың мемлекеттік ғылыми-зерттеу мекеме ретіндегі
негізгі міндеттері қазіргі қазақстандық қоғамның зияткерлік және
рухани-адамгершілік әлеуетін дамытуға бағытталған философиялық-
дүниетанымдық, философиялық-әдіснамалық, саясаттанулық, дінтанулық
және әлеуметтанулық зерттеулер жүргізу болып табылады.
Бүгінде Философия, саясаттану және дінтану институты жоғары
кәсіби ғылыми-зерттеу орталығы болып табылады. Институт оның
құрылымын айқындайтын үш басты бағыт бойынша жұмыс істейді: фило-
софия, саясаттану және дінтану. Онда ҚР ҰҒА 1 академигі, 2 корреспон-
дент мүшесі, 21 ғылым докторы, 12 ғылым кандидаты, 3 PhD докторы, 13
PhD докторанты және 7 магистрант ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айна-
лысады. Олардың ішінде 5 PhD докторанты және 6 магистрант 2014 жылы
«Ғылым Ордасының» базасында ҚР БҒМ ҒК ҒЗИ-нің әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ-мен бірігіп жүргізетін ғылым мен білімнің интеграциясы жобасы
шеңберінде магистратура мен докторантураға оқуға түсті.
Институт 2012–2014 жылдарға арналған «Елдің зияткерлік әлеуеті»
басым бағыты бойынша гранттық қаржыландыру шеңберінде 24 ғылыми-
зерттеу жобасын орындайды, «Ғылыми қазына» салааралық ғылыми
бағдарламасы аясында зерттеу жұмыстарын, 2013–2015 жылдарға арналған
«Қазақстан-2050» Стратегиясын ғылыми ілеспелеу бойынша Тақырыптық
жоспар аясында зерттеулер жүргізеді.
Институт қызметкерлері саясат, ғылым, білім беру, мәдениет, дін, қазақ
және әлемдік философия мәселелері бойынша монографиялар мен ғылыми
мақалалар жариялайды. Институт қызметкерлерінің ғылыми жарияланым-
дары таяу және алыс шетелдердің ғылыми рейтингтік басылымдарында
сұранысқа ие.
Институт «Мәдени мұра» бағдарламасының шеңберінде «Шығыс
Аристотелі» – әл-Фарабидің шығармалар жинағын (10 том), «Әлемдік
философиялық мұраны» (20 том), «Қазақ халқының философиялық
мұрасын» (20 том) шығарды.