Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет292/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   297
Байланысты:
қазақ философиясы

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
мәдениеті мен діниетанымдық дәстүрлері мен тарихында қомақты 
орын алғандығы айғақталды. 
6. Қазақтың ұлы ойшыл-философтарының шығармашылығын-
да этикалық, діни-эстетикалық және гуманистік идеялар тұнып 
тұрғаны белгілі. Барлық әлем мен адамның өзара рухани байланысы, 
бүкіл болмыстың тұтастығы, оның ішінде адам болмысының да 
ерекше деңгейлілігін анықтау үнемі көрініс табады. Адамзаттың 
рухани дамуына үлкен үлес қосқан, руханилығының баюына ықпал 
еткен факторлар сарапталып, Шығыстың да, Батыстың да руханилық 
үлгілері салыстырмалы зерделенді. Әсіресе, өзге философиялық 
жүйелермен тарихи үндес келетін тұстарымыз бен өркениеттік 
мағынадағы айырмашылықтарымыз анықталды.
7. Қазақтың антропологиялық философиялық ойының дамуы-
ның тұтастанған картинасының бүгінгі қоғам болмысы мен қазіргі 
құндылықтық парадигмалар тұғырын ескере отырып қайта қалып-
тастыру, оларды жан-жақты ғылыми зерттеу – бүгінгі гуманитарлық 
ғылымдардың мүдделеріне сәйкес келетін философиялық таным-
ның жаңа қыры. Сондықтан, аксиологиялық талдаулардың көмегі-
мен халқымыздың рухани әлеміндегі басымдылық танытатын руха-
ни ұстанымдары бір жүйеге келтірілді. Қазақ философиясының 
тарихы – халық тарихының ең маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. 
8. Түркі әлемінің ұлы философтарының шығармашылығы арқы-
лы ислам философиясының жетістіктері, оның ерекше руханилығы 
ашылады, қазақ хандығы тарихи кезеңіндегі қазақ ойшылдарының 
дүниетанымын жалпы тарихи-мәдени және рухани аядан оқшау 
қарастыруға болмайды. Біздің пікірімізше, Асан қайғыдан бастап 
Махамбетке дейінгі тарихи кезеңдерде қазақ ойшылдарының дүние-
танымынының қалыптасуындағы руханилықтың рөлі зор болғандығы 
зерделенді. Қазіргі замандағы тәуелсіздік кезеңі күрделі мәселенің 
шешімін табуға жаңа мүмкіндіктер ашты, мәдени және өркениеттік 
бірегейлікті қалпына келтіре бастады.
9. Халқымыздың этнофилософиясының мазмұнды тұстарын 
жақсы көрсете білген сайын ұлтымыздың рухани әлемі байи түседі. 
Ол өз кезегінде еліміздегі әрбір азаматының жеке дүниетанымында 
сапалы өзгерістер әкеліп, оларды даналық әлеміне де жақындата 
түседі. Жалпы қоғамдағы дағдарысты процестерді жеңудің тереңінде 
қоғамдағы рухани тіректердің нығайту проблемасы тұрады. Сон-
дықтан ұлттың өзіндік философиялық жасампаз, руханиланған 
даналық әлемін көркейте түскен сайын еліміздегі өркениетті және 
орнықты дамудың іргетасын нығайта түсеміз, әрбір құбылыстың 
және әрекеттің терең мағынасын анықтай аламыз, мәдениеттер 


 
297


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет