Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет291/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
байланысты «бақыт», «игілік», «үлес», «тағдыр», «сабыр» деген 
ұғымдармен сәйкестендіруге болады. Бұл ұғым шын мәнінде 
онтологияны, антропологияны және әлеуметтік философияны 
біртұтас етіп біріктіреді. Сонымен қатар ол дәстүрлі мәдениеттегі 
мәндік көріністерді, дүниетанымды танымдық сипатта анықтайды, 
этномәдени ерекшелігін рәміздейді. 
3. Тарихи сананың, қазақи этникалық менталитеттің терең иірім-
дерін айшықтайтын халықтық түсініктердің, идеялардың, мұрат-
тардың және құндылықтардың рухани сабақтастығының іске асы-
рылуын жіктеуден өткізу арқылы ұлттың рухани дүниесіндегі сан 
түрлі бағыттағы үрдістерінің сипатын анықталады және олар ғылыми 
дәйектелді. Қазіргі Қазақстан жағдайындағы руханилықтың келбетін 
айшықтау, оны қазақ ұлттық философиялық ойымен байланыстыра, 
тамырластыра зерделенді, сонымен қатар және жалпыұлттық идея-
ның негізін бекітуге ықпал ететін қазақ философиялық ойындағы 
рухани қайнар көздер айқындалып, жаһандану процестерінің қай-
шылықты дүниетанымдық қырларын көрсетілді.
4. Тарихи қалыптасқан ұлттың өзіндік мінез-құлқының, құнды-
лықтық бағдарларының көріністері заманауи талаптарға сәйкес 
сыни талдаудан өткізіледі. Сабырлылық, төзімділік, шыдамдылық 
және ізгіліктілік сияқты руханилықтың шынайы көріністері тұлға-
лық жетілудің тетігі ретінде және қоғамның болашаққа ұмтылудың 
этномәдени жолдары мен қырлары іспетінде пайымдалды. Ғылыми 
айналымда бекіген толеранттылық, яғни төзімділік ұстанымының 
тарихи бастаулары осы ілімдердегі ұғымдарда жатыр. Жалпы 
мақал-мәтелдер қазақ халқының руханиятының нағыз айнасы 
болып табылады. Өмірдің көптеген жағдайлары мақалдарда көрініс 
берген, ол да халық даналығының белгісі. Әрине, Абай айтқандай 
кейбір мақалдарға да сын көзбен қарап, олардың шектеулі әлеуетін 
айқындап отырған жөн.
5. Қазақтың этикалық философиясын, этномәдени құндылық-
тарын айқындай түсу үшін осы уақытқа дейінгі қазақ философиялық 
ойының даму тарихында айқындаушы принциптері анықталды. 
Мәселен, Орхон-Енисей жазбаларынан басталған және ол 
Қорқыттың, әл-Фарабидің, Қ.А. Ясауидің, Ахмет Иүгінекидің, Жүсіп 
Баласағұнидің, Махмұд Қашқаридің және т. б. түркілік даналардың 
ізгілік пен қайырымдылықты, жалпы этикалық категорияларды 
өзектендірілуімен жалғасады, содан кейін қазақ хандығы дәуірінде 
орын алған ақын-жыраулардың, би-шешендердің рухани мұрасын 
жан-жақты байыптауда болып отыр. Олардың философиялық 
көзқарастары мен идеялары Шығыс халықтарының рухани 


296 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет