4
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
КІРІСПЕ
Жұмыстың негізгі мақсаты –
қазақ философиясының көп
ғасырлық тарихында орын алған дүниетанымдық әмбебаптарға,
дәстүрлерге бойлау және оларды рухани мағынада игеруге
тәуелсіздік феномені ауқымында ғылыми түсініктердің
көкжиегін
кеңейту, оқырманды сұхбатқа шақыру, жастарды шығармашылыққа
баулудың жолдарын анықтау болып табылады. Қазақ дүниетанымы
үшін ондай қазақ хандығы дәуірінде-ақ негіз болған әмбебап
ұғымдар болғаны осы талдамалық еңбекте кеңінен айтылады.
Мәселен, қазақтың дүниетанымдық әлемі этикалық принциптерді
негізінен адамаралық қатынастарда асқар биікке қойып, оны барлық
бағдарлардан жоғары қоятындығы
атап көрсетіледі және осы
ұстаным зерттеулердің басымдылық танытатын методологиялық
қағидасына айналған.
Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі заманда халқымыздың
құндылықтар жүйесі көптеген өзгерістерге еніп жатқаны белгілі.
Қазіргі модернизациялану
кезеңінде философияның, жалпы гума-
нитарлық білімнің негізгі субъектісі болып қоғамдағы адам болып
есептеледі. Сондықтан қоғамдағы рухани құндылықтар негізінде тек
адамның жетілуіне, кемелденуіне, үйлесімді өмір сүруіне қызмет етуі
тиіс. Қазақстандағы қазіргі философияның алдында
жаңа әлеумет-
тік және саяси шындықтың күрделі мағынасын ашу, өтпелі кезеңнің
қайшылықтары мен ерекшеліктерін анықтау, тәуелсіз Қазақстанның
өркениетті, дамыған отыз елдің қатарына енудің мәдени-тарихи,
дүниетанымдық алғышарттарын байыптау сияқты қиын да күрделі
міндеттер тұр. Міне, осы мақсатқа жету – жұмыстың негізгі ғылыми
бағдары, методологиялық ұстанымы болып табылады.
Жалпы ұлттық қауіпсіздіктің қайнар көзі болатын Қазақстан хал-
қының рухани бірлігі мәселесі осы ұлттық философияның қалыпта-
суы мен дамуы, яғни халқымыздың руханиятының үйлесімді өрбуі
құбылыстарымен тікелей астасып жатады. Халқымыздың этнофило-
софиясының мазмұнды тұстарын жақсы көрсете білген сайын
ұлтымыздың рухани әлемі байи түседі. Ол
өз кезегінде еліміздің
әрбір азаматының жеке дүниетанымында сапалы өзгерістер әкеліп,
оларды даналық әлеміне де жақындата түседі. Сондықтан ұлттың