тыныс алу, зәр шығару органдарының ішкі қабаттарындағы басқа да лимфоид ұлпаларының жиынтығы жатады. Сопақша ми мен тимус осы жерлерде лимфоциттер
түзілетіндіктен иммундық жүйенің орталық органдары болып саналады.
Иммундық жүйенің органдары организмге түскен және организмде қалыптасқан бөгде
заттарды зарарсыздандыратын (антигендер)
иммунокомпетенттік жасушаларды ( лимфоциттер, плазмоциттер), биологиялық белсенді заттарды (антиденелер) түзеді.
Иммундық жүйенің органдары адамның денесінде белгілі бір орындарда орналасқан:
орталық органдар – жақсы қорғалған жерлерде (сопақша ми – сопақша ми қуысында, тимус –
кеуде қуысында ). Иммундық жүйенің қосымша органдары – организмге бөгде заттар енуі мүмкін жерлерде және олардың организм бойымен жүру жолдарында орналасқан.
Осылайша, өңештің лимфа сақинасының миндалиналары тыныс алу жолдары мен ас
қорыту өңешінің алдыңғы бөлік қабырғаларында орналасқан. Таңдай миндалиналары мұрын, ауыз
қуысы арқылы таралып жатқан инфекция жолындағы алғашқы қорғаныс сызығы болып табылады.
Тамақтың шырышты қабаты есту түтікшелерінің түбінде орналасып, таңдай
миндалиналарына ұқсас лимфа ұлпаларынан тұрады. Оның гипертрофиясы балаларда аденоид деп
аталып, ауаның мұрын қуысынан өтуін қиындатады.
Көптеген лимфа түйіндері лимфаның органдар мен ұлпалардан веноздық жүйеге өтетін
ағын жолдарында орналасқан. Өлген жасушалардың бөлікшелері түріндегі бөгде заттар лимфа
ағынына түседі де, лимфа түйіндерінде тоқтап, залалсыздандырылады. Қанның артериалдық
жүйеден көктамыр жүйесіне өтетін тұсында көк бауыр жатыр, ол қанның иммундық бақылауын
жүзеге асырады.
Иммундық жүйенің басты қызметі – организмнің жасушалық және антигендік
құрамының тұрақтылығына иммунологиялық бақылау жүргізіп отыру болып табылады.
Иммундық жүйе жасушалық және гуморальдік иммунитеттің, иммунологиялық ес пен
төзімділіктің әр түрлі түрлерінің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Иммундық жауапта иммундық
жүйе жасушаларының үш тобы қатысады: В-лимфоциттер, Т-лимфоциттер мен макрофагтар. Иммундық жауап кезіндегі жасушалардың өзара байланысы осы жасушалар бөлетін ерітінді
заттар арқылы жүзеге асады, және адам организмінің белгілі бір антигенге қайтарылатын
реакцияның қатаң даралығын қамтамасыз ететін генетикалық бақылауда болады. Қандай да бір
иммунокомпетентті жасушалардың қызметіндегі, дифференцировкасындағы және дамып-
жетілуіндегі кемшілік (туа біткен немесе уақыт өте пайда болған) иммундық жүйенің қызметінің
бұзылуына алып келеді.