Жўмыс баєдарламасы ф со пгу 7


бактериялардың ферменттік белсенділігінің ингибиторлары, вирустардың ингибиторлары



Pdf көрінісі
бет6/22
Дата08.12.2022
өлшемі227,93 Kb.
#56037
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Иммунология

бактериялардың ферменттік белсенділігінің ингибиторлары, вирустардың ингибиторлары,
асқазанның шырышты қабаты бөлетін сөл, және басқа да организм түзетін заттар жатады.
Организмнің маңызды қорғаныстық реакцияларына ісіну мен фагоцитоз (әр түрлі бөгде агенттерді
фагоциттердің жұтып, қорытуы) жатады. Фагоцитозды екі жүйенің жасушалары жасайды: микрофагтар
(гранулоциттер) және макрофагтар (моноциттер). Бұл қозғалмалы жасушалар. Бауыр ұлпаларының, лимфа
түйіндерінің қозғалмайтын мононуклеарлы жасушалары да фагоцитозды жүзеге асырады. Макрофагтар
микрофагтарға қарағанда қиындау қызмет атқарады: олар бактериялармен қоса, саңырауқұлақтарды,
қарапайымдарды, антиген-антидене кешендерін, организмнің түр өзгерткен өзіндік жасушаларын, жаман
ісіктердің жасушаларын қорыта алады. Сонымен қатар макрофагтар антидене түзуге де қатысады.
Организмнің бөгде антигендерге иммундық реакциямен жауап қайтару қабілеті жатырішілік кезеңде
қалыптаса бастайды да баланың бір жасына дейін айқын көріне бастайды. Арнайы зерттеулер
көрсеткендей, организм белгілі бір антигенге қарсы әрекет ететін қабілетін оны организмге эмбрионалдық
кезеңде немесе туа салысымен енгізсе жоғалтуы мүмкін. Бұл қалып иммунологиялық төзімділік деп
аталды, яғни организмнің белгілі бір антигенге қарсы әрекет ету қабілетін жоғалтуы.
5


Антиденелер иммунитеттің маңызды қызметтерінің бірін орындайды. Олар токсиндерді,
вирустарды, бактерияларды зарарсыздандырып, оларды түптеп жоятын фагоциттерге барынша ашық етеді.
Антиденелердің маңызы, әсіресе, вирусқа қарсы иммунитет түзілген кезде артады. Арнайы антиденелер
вируспен қосыла отырып, оның адамның басқа жасушаларына енуіне мүмкіндік беретін рецепторларын
тоқтатады. Тыныс алу жолдарының сөлдерінде бар антиденелер тұмау және басқа да респираторлық
сырқаттардың алдын алуда маңызды рөл ойнайды.
Бөгде антигендік қасиеттерге ие патогендік және патогендік емес агенттерден қорғайтын
жасушалық және гуморальдік реакциялар тығыз байланыста қызмет атқарады да организмнің ортақ
бақылауында болады. Олар организмді патогендік микроағзалардан ғана қорғап қоймай, организмге түсетін
басқа да бөгде заттардан, мысалы ас қорыту қызметі бұзылған кезде қанға араласатын азық
компоненттерінен, тыныс жолдарының шырышты қабаты арқылы ішке енетін өсімдік тозаңдарынан,
реципиенттің қан тобына сай келмейтін донорлық қаннан, иммунологиялық сәйкессіздік кезіндегі
органдардың жасушалары мен ұлпаларынан қорғайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет