72
деңгейі. «Өнімнің сапасы» түсінігінің объективтік трактовкасы сапаны
жақсарту мəселесін қоғамдық өндірістің тиімділігін жоғарлату жəне
қорытынды жақсы қаржылық көрсеткіштерге жету мəселесін шешумен
байланыстыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл өнім сапасы мəселесін
нарықтық қатынастардың дамуының жəне өнім сапасын əлемдік стандарттарға
бағыттануы жағынан қарастыруға мүмкіндік береді. Еуропалық сапа ұйымы
(ЕСҰ)
сапа
түсінігін
кеңірек
қарастырады.
Тұтынушылар
жəне
халықшаруашылық көзқарас тұрғысынан жоғары технологиялық, эстетикалық
қасиеттерімен қамтамасыз ету ғана емес, сонымен бірге оның өндіруіне жəне
тасымалдауына аз шығын кетіру маңызды болып табылады. Яғни, өнім
сапасының оптималдық деңгейі бұл ─ аз қоғамдық еңбек шығынмен жасалған
белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыратын оның барлық қасиеттерінің
жиынтығы.
Белгілі
бір
қажеттіліктерді
толығымен
қанағаттандыру
позициясынан өнім сапасын жоғарылату мəселесін зерттеу өнім сапасы жəне
өндіріс тиімділігін талдауды талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: