61
3. өнім сапасын басқаруға жүйелі қарау;
4. қызметкерлер мен басқарушылардың түсінушілігін жоғарылату;
5. сапа шығындарын есептеу;
6. сапаны жоғарылату бағдарламалары;
7. материалды ынталандыру.
1980ж. бастап АҚШ-та сапа мəселесін айқын түсіне бастады. Американдық
өнеркəсіпте ресурс, потенциал мен жоғары буын басшысы бар. Жаңа
технология мен өнімнің жаңа түрлерін өңдеуге көп қаржы жұмсау,
сонымен
бірге, өнім мен жұмыс сапасын жоғарылатуда ортақ қызығушылықта
орнатылған, жұмысшылар мен бсқарушылар арасындағы жаңа қарым-
қатынастар, АҚШ-тағы жаңа технологиялық өзгерістер үшін
алғы-шарт
жасайды. АҚШ мамандары сапа басқаруды жетілдіруге зор үміт артады, олар
бойынша, басшылық санасының түгелдей өзгеруін, ұжымдық мəдениетті
толықтай қайта қарауды жəне күштің тұрақтылығын білдіруі керек. Заңды жəне
атқарушы билік тарапынан ұлттық өнім сапасын жоғарылату сұрақтарына көңіл
бөлу – елдің экономикалық дамуындағы жаңа құбылыс. Сапаны жақсарту үшін
жалпы ұлттық науқандардың басты мақсаттарының бірі – «Ең алдымен – сапа!»
деген ұранды жұмыс кезінде іске асыру. Осы ұранмен жыл сайын,
бастамашысы Сапа бақылау бойынша Американдық ұйым (СБАҰ) болған, сапа
айлықтары өткізілді. СБАҰ – 1946ж. құрылған
елдегі алдыңғы қатарлы
ғылыми-техникалық ұйым.
Сапа саласындағы АҚШ тəжірибесін талдай отырып, оған тəн келесідей
ерекшеліктерді белгілеуге болады:
- математикалық статистика əдістерін қолданумен
өнім сапасын қатал
түрде бақылау;
- өндірісті көлемдік жəне сапалық көрсеткіштер бойынша жоспарлау
процесіне көңіл бөлу, жоспарларды іске асыруды əкімшілік бақылау;
- фирманы жалпылама басқару.
АҚШ-та қолданылатын өнім сапасын үздіксіз жоғарылатуға бағытталған
шаралар, Жапония мен АҚШ арасындағы сапа деңгейінің мүмкіндігін байқауға
арналған.
Достарыңызбен бөлісу: