Парақшаның және навигацияның сызықтық жүйесінің қарапайым макетін
әзірлеу
16
Дизайнде ортақ не жекелеген бойынша логотиптердің үш негізгі түрі болады:
■ Иллюстративті логотиптер – компания қызметін нақты
иллюстрациялайды;
■ Графикалық логотиптер — компания қызметін көрсететін графикалық
элементтер, жиі абстрактылы элементтерден тұрады;
■ Шрифті логотиптер — компанияны білдіретін мәтіндік сұраныстар.
Логотип — компанияны немесе оның өнімін ұсынатын бейне. Оның міндеті
әлеуетті клиент не сатып алушының назарын аударып, есінде сақталып қалу. Логотип
ұйым имиджінің маңызды құраушысы болып табылады.
Логотипті әзірлеу кезінде қарапайымдылық пен қолжетімділік маңызды;
астарлы
декоративті шрифттерді пайдаланбау керек. Бір мәтін қолданыла ма, немесе ол
графикамен үйлесе ме, маңызды емес, логотип мәтіні тіпті кішкентай өлшемде болса да
оқылатындай болуы керек. Сіз логотиптің
формасын таңдап алған соң, оның түсін
ойластырған жөн. Логотиптің палитрасы айтарлықтай қарапайым болғаны дұрыс. Жақсы
логотип тіпті қарапайым ұсынылуы кезінде де жұмыс істейді. Егер логотип визиттік
карточкаларда да жақсы көрінсе, оны басқа тасымалдаушыларда қолдану үшін оны оңай
масштабтауға болады. Жұмысты тапсырмас бұрын оның түрлі өлшемдердегі қағазда
қалай тұратынына көз жеткізу керек.
Достарыңызбен бөлісу: