С. В. Киселев, С. В. Алексахин, А. В. Остроух


Сайт навигациясының жүйесі



Pdf көрінісі
бет11/39
Дата12.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#56598
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39
Байланысты:
Веб дизайн

Сайт навигациясының жүйесі 
Навигация картасы (Navigation view)сізде ақпаратты беруден қиындықтар 
туындаса, аса пайдалы болып шығуы мүмкін. Жұмысты басқы беттен бастаңыз да, 
тереңдеп еніңіз. Бұл визуальды қарау сізге сайтыңыздың мазмұнын көруге, оны анық 
ұйымдастыруға және сайтты жетілдіру кезінде жаһандық өзгерістерден қашқақтауға 
көмектеседі. Сіз өзіңізге сайтыңыздың құрылымын барынша анық елестете аласыз және 
сізге оны жақсартуға арналған жаңа идеялар пайда болатын шығар.
Сайт навигациясы оған кірушілерге кез келген уақытта мына сұрақтарға жауап 
ұсынуы керек: мен қайдамын, қай тармақты көрдім, қайда бара аламын. 
Сайтқа келушілердің әрекеттеріне талдау трафиктің негізгі көзі ізденіс жүйесі 
екенін көрсетеді. Сондықтан да келуші бірден сайттың ішкі парақшасына кіріп, іздеу 
жүйесіне жүгінбей, бірден өзінің қандай бөлімшеде, қай бөлімде немесе қай парақшада 
отырғанын түсіне алуы керек. 


Парақшаның және навигацияның сызықтық жүйесінің қарапайым макетін 
әзірлеу 
17
Парақшаны жобалау кезінде пайдаланушы сайттың ішкі парақшасына түсетіндей 
жағдайды да ескерген жөн.
Сайттың кез келген бетінде келесі элементтер болуы керек:
■ 
Компанияның старттық парақшаға сілтеме болып табылатын логотипі, сондай-ақ 
қызмет саласының қысқаша сипаттамасы; 
■ 
Сайттың негізгі ақпараттық блоктарын (тараулары мен тараушалары) бейнелейтін 
орталық навигация; 
■ 
Сайт бойынша іздеу аймағы. 
Егер пайдаланушының іздеу жүйесінен белгілі бір парақшаға түсуін болдырмау 
қажет болса, оның іздеу жүйесімен индекстелуіне тыйым салып қою керек. 
Барлық навигация құралдары сайтқа қатысты ішкі және сыртқы болып бөлінеді. 
Сыртқы құралдар сайтқа ауысуды басқаратын браузер батырмасы ретінде жасалған. 
Ішкі навигацияны негізгі және қосалқы деп бөлуге болады. Негізгі навигацияның 
орталық элементі – ауысымдар панелі немесе мәзірі. 
Негізгі навигация әдетте сайт тарауларына апаратын құрылымдық сілтемелермен 
беріледі. Қосалқы навигацияларға жоғары дәрежеге, старттыққа және т.б. сілтемелер 
жатады.  
Құрылымдық сілтемелер мәтінде берілетін қосалқы және тоғыспалы сілтемелерден 
ерекшеленгені дұрыс. Көптеген сайттарда олар бірдей көрінеді. Сондықтан сілтеме тұтас 
бөлімге апара ма, жоқ бір парақшаға ғана апара ма түсініксіз болып жатады. Мұндай 
сілтемелер мазмұнын анықтау мәселесімен тұтас сайтты немесе оның жекелеген 
тарауларын қай жерге дейін жүктеу керек екенін көрсету кезінде download-менеджер 
пайдаланушылары да ұшырасады. 
Сапалы қосалқы навигация өзіне алдындағы тарауға, тарау атауы көрсетілген бетке 
және сайттың басты бетіне жетекші сілтемелерден тұрады. Мұны жүрген жол түрінде 
елестету ыңғайлы, мысалы: HomeShop.by >тұрмыстық техника >шырын сыққыш> 
Moulinex. 
Мұндай навигация көпдеңгейлі құрылымы бар сайттарда міндетті түрде болуы 
керек. Жолдың барлық элементтері, соңғысынан басқасы сәйкес бетке сілтеме болуы 
керек. 
Навигация бөлімдерін бөлу үшін «:» және «|» символдарын пайдалану 
ұсынылмайды, олар беттердің қосымша екенін не ортақ бағынышты екенінен ақпарат 
бермейді. Оңтайлы нұсқа бөлуші ретінде «/» немесе «>» символдарын таңдау болады. 
Навигациялық жүйе пайдаланушыға ағымдағы беттен қайда бару керектігін және 
онда қандай ақпаратты алу керектігін нақты көрсетеді. 
Алға, келесі тарау және т.с.с. сілтемелерді пайдалану дұрыс емес. Әсіресе 
пайдаланушы іздеу жүйесінен түсетін бетке Артқа сілтемесін қолдану қиын, себебі оны 
іздеу нәтижелері терезесіне қайту ретінде түсінуге болады. 
Ақпараттық сілтемелерді, мысалы Келесі тарау: 5. Визуальды жобалау негіздері 
сияқты сілтемелерді пайдаланған дұрыс. 
Сілтемелер үшін тінтуір бағыттауышын апарғанда сілтеменің сипаттамасы 
көрсетілетін title атрибутын толтырған пайдалы. 
Кейде жеке типте жаһандық навигация сілтемесі қолданылады, ол About us, Contact 


Парақшаның және навигацияның сызықтық жүйесінің қарапайым макетін 
әзірлеу 
18
us 
және т.с.с.беттеріне апарады. Кейде парақшаға және т.б. баратын жаһандық 
навигациялардың сілтемесін жеке типке бөледі. Жаһандық сілтемелер сайттың кез келген 
бетінде қол жетімді болуы керек. Және көбіне бұл сілтемелер парақшаның астында да, 
үстінде де орналастырылады.
Сілтемемен берілген тақырыптық навигация болады, оның тізімі осы бетке 
пайдаланушы қандай ақпаратты жүктегеніне байланысты түрленіп,шығарылады. 
Мысалы, егер бұл мақала соңында қарастырылып отырған тақырыпқа қатысты 
релеванттық кему тәртібі бойынша орналасқан ұқсас тақырыптағы мақалаларға сілтеме 
берілуі мүмкін. Электронды дүкен үшін бұл осы санат бойынша ең көп сатылатын 
тауарлардың тізіміне сілтеме, аксессуарлар мен бірге жүретін тауарларға сілтеме, осы 
санаттағы басқа өндірушілердің тауарларына сілтемелер және т.б. болуы мүмкін. Егер 
каталогтар мен файлдардың атауы ақпараттық болса, URL-мекенжайы сайт 
навигациясының элементі ретінде пайдаланушы үшін ыңғайлы болуы мүмкін, мысалы: 
www.macromedia.com/software/dreamweaver/ tutorial/links.html. 
Осы мекенжай бойынша Macromedia фирмасының Dreamweaver визуальды HTML-
редакторының сілтемелермен жұмысқа арналған оқу құралының беті ашылады. 
Сайт құрылымы бойынша қосымша ақпараттан бөлек URL адресті қысқарту 
арқылы керекті бетке тез ауысу үшін де қолданылуы мүмкін. Мысалы, мекенжай бөлігін 
software 
тарауына дейін қысқартып, Macromedia компаниясының программалық 
қамсыздандыруды ұсынатын бетке түсуге болады.
ЕгерURL-адресте нөмерленген бет немесе кіші каталог пайдаланылса, мысалы 
page_1, 
онда саның өзгертіп, қажетті бетке көшуге болады.
Қарапайым және логикалық құрылымды URL-адресті қолдану – пайдаланушының 
сайт бойынша навигациясын жеңілдетудің тағы бір тәсілі. 
Әдетте сыртқы және ішкі сілтемелер безендірумен ерекшеленбейді. Басқа 
ресурстарға апаратын сілтемелерді ерекшелеу ұсынылады, мысалы, сілтеме жанында 
қандай да бір графикалық белгіні орналастыру керек. 
Көбі сыртқы сілтемені жаңа терезеде нашар реңмен ашылса, егер ресурс назарға 
лайықты болса, пайдаланушы оған қайтып келеді деп санайды. Алайда қарама-қарсы 
пікір де бар. Сайт бойынша навигация үдерісі онда берілетін ақпаратты түсіну мен игеру 
басқа ресурсқа ауысумен тоқтатылмауы керек. Бұл келушілерді сайтта ұстап қалудың 
жақсы тәсілі.
Статус жолында сыртқы сілтемеге басқанда пайдаланушы пайдалы ақпаратты ала 
алатындай сәйкес ресурстың мекенжайы шығуы керек. 


Парақшаның және навигацияның сызықтық жүйесінің қарапайым макетін 
әзірлеу 
19
Шаблон
— 
ерекше тәсілмен дайындалған және сақталған веб-парақша, онда 
сізге қажет болатын бірқатар элементтер (авторлық құқық туралы 
мәліметтер, атауы және т.б.) болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет