Сабақтың тақырыбы: Веб- жобалау. Сайт картасы. Негізгі ұғымдар



Дата16.03.2023
өлшемі183,64 Kb.
#74930
түріСабақ
Байланысты:
Ñàáà?òû? òà?ûðûáû Âåá- æîáàëàó. Ñàéò êàðòàñû. Íåã³çã³ ??ûìäàð


Сабақтың тақырыбы: Веб- жобалау. Сайт картасы.


Негізгі ұғымдар:
Сайт картасы – Карта сайта –Sitemap

Формат– Формат – Format


Мекенжай-Адрес – Address


Жаңарту-Обновление-Update

Жоспар:


  1. Cайттың картасы;

  2. Cайттың картасының түрлері;

  3. Cайттың картасын құру ережелері.



Сайт тың картасы дегеніміз не?


Сайттың картасы (Sitemap) – сайттың барлық бөлімдері, ішкі бөлімдері, сайттағы мәліметтер көр етілген жеке бет. Басқаша айтқанда, кітап мазмұны секілді, яғни мазмұнына қарап кітаптың не туралы екенін білсек, сайт картасынан сайттан қандай ақпарат алуға болатынын білуге болады.

Сайт картасының екі негізгі форматы бар: html сайт картасы мен xml сайт картасы.




html форматындағы сайт картасы

Қолданушыларға арналған, ол қолданушылардың сайттан керекті ақпаратын іздеу жұмысын жеңілдетеді. Сайт картасының бұл түрі 30-дана артық беттен тұратын ірі сайттарда міндетті түрде болуы керек.




xml форматындағы сайт картасы іздеу жүйелері үшін қажет, іздеуші робот сайттағы барлық сілтемелерді көріп, сайтты индекстейді.

Негізінде екі форматтағы сайт картасын да құрған дұрыс: роботтар үшін – sitemap.XML және қолданушылар үшін – sitemap.HTML.


Sitemap файлының көмегімен Google, Яндекс секілді іздеу жүйелеріне сайттың қандай беттерін индекстеу керек, сайттағы ақпарат қаншалықты жиі жаңарып отырады, сайттың қай беттерін индекстеу маңызды екендігін хабарлауға болады.


Алдымен html форматындағы сайт картасын қарастырайық, бұл біздің күнде көріп жүрген әр бір сайттағы карталарға ұқсайды.
­Сайт­ карта­­сын­ құ­ру­ ереже­­ле­рі

  1. Сайт картасын басты мәзірден кіреалатындай жеке бетке орналастыру керек, яғни сайт картасына сілтеме кез келген сайт бетінен көрініп тұруы қажет;

  2. Сайт картасының құрылымында сайт беттерінің иерархиясын көрсету маңызды – басты бөлімдер мен бөлімшелер анық көрінуі керек.

  3. Сайт картасының басына сайттың қысқаша сипаттамасын келтірген дұрыс, бұл сайт қолданушысына ол нақты қандай сайтта тұрғанын көрсетеді.

  4. Сайт картасына артық суреттер қосудың қажеті жоқ, дұрысы – суретті мүлдем қолданбау.

  5. Сайт картасының бөлімдеріне бірден сайт бетіне өтіп кететін сілтеме қоюды ұмытпау керек, бұл қолданушының өзіне қажетті бөлімге бірден ауысып кетуіне мүмкіндік береді.




  1. Сайт бөлімдерін қысқаша сипаттау жеткілікті. Бөлім атаулары қысқа, нақты, түсінікті болуы шарт.




  1. Сайт қартасының өзектілігіне назар аударыңдар. Егер сайттың кейбір бөлімдері жойылып немесе жаңадан бөлімдер қосылып жатса, оны сайт картасында да көрсетіп, жаңалап отыруды ұмытпаңдр.



XML сайт картасы – іздеу жүйелеріне (Яндекс, Google, Rambler, Bing және басқалар) арналған сайттың беттері туралы ақпарат орналасқан сайттың директивасында орналасқан файл. Бұл файл іздеу жүйелерінің сайтты жеңіл индекстеуі үшін керек.
Іздеу роботы сайтқа кірген кезде ең алдымен сайтты қалай индекстеу керектігі туралы ақпарат жазылған robots.txt файлындағы нұсқаулықты оқиды. Егер сол файлда sitemap.xml сайт картасы бар екендігі көрсетілсе, онда робот көрсетілген адрес бойынша сайттың маңызды беттерін қарайды. Сондықтан sitemap директивасында sitemap.xml файлын орналастырып қана қоймай, robots.txt файлына да жол көрсету керек.


sitemap.xml сайт картасы іздеу роботының жұмысын жеңілдетеді және сайттың сапалы индекстелуін қамтамасыз етеді.

Яндекс үшін sitemap.xml сайт картасы қандай болатындығын қарастырайық. Яндекс Sitemap хаттамасын қолдайды.


Ақпаратты беру үшін мына эленменттерді қолдану керек(1-сызба):





1-сызба. Sitemap сайт картасының элементтері

Робот беттерді кезекпен 0.0-ден 1.0 аралығында көрсетілген коэффициенттің болуы мен оның мәнін есепке ала отырып жүктейді. Сайттағы URL үшін коэффициент мәндері маңызды.




Тапсырмалар:




Сұрақтарға жау­­ап­ берейік



  1. Сайттың картасы қалай құрылады?




  1. Сайт картасының қандай түрлері бар?




  1. Іздеу жүйелеріне не жатады?




  1. HTML сайттың картасын құрудың жолдары қандай?




  1. Сайтты индекстеу барысында қандай мәліметтер тексеріледі?

html форматындағы сайттың картасы мен хml форматындағы сайттың картасын салыстырыңдар. Айырмашылықтары мен ұқсастықтарын көрсетіңдер.







хml форматын-

дағы сайттың


картасы


html форматын-

дағы сайттың


картасы



sitemap.xml сайттың картасында қолданылатын элементтердің мағынасын төмендегі кестеге толтырыңд р:




Элеме­­нт­тер Мағы­­на­сы


Loc


Lastmod


Changefreq


Priority
Ресурстар:

  1. Информатика 10 сынып, Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытының 10-сыныбына араналған оқулық, 46-51 бет

  2. https://www.youtube.com/watch?v=rp1P_gFkZu4


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет