Байланысты:
Веб дизайн 25
2.9-
сурет. Macromedia сайтын
көрсететін гиперсілтеме
Сонымен бірге, егер нөмірленген тізім таңдалған болса, Start Count енгізу
жолағына қолжетімді, онда сіз тізім жолының нөмерленуі басталатын нөмірді енгізе
аласыз.
Бұл баптаулардың бәрі жалпы тізімге жатады. Терезенің төменгі бөлігінде List Item
басқару элементтерінің мәтіндік курсор орналасқан тізім жолына қатысты тобы
орналасқан. Бұл топқа New Style ашу тізімі мен Reset Count To енгізу жолағы да жатады,
олар терезенің жоғарғы жағындағы Style ашу тізімі мен Start Count енгізу жолағына ұқсас.
Қасиеттер баптауын аяқтап,орнатуларды сақтау үшін ОК нүктесін басыңыз немесе
олардан бас тарту үшін Cancel нүктесін басыңыз.
Тізім (маркирленген), <о1> (нөмірленген), (бумалар тізімі) және
(
мәзір) жұп тегтерімен беріледі осы тегтер арасында <1i>тегімен берілетін жеке
жол орналасады. <1i> тегінде жұп жоқ.
Қарапайым гиперсілтеме құру. Гиперсілтеме құру үшін келесі әрекеттерді
орындаңыз. Macromedia фирмасының атауын ерекшелеңіз— қасиеттер редакторында
гиперсілтеме үшін интернет-мекенжайын енгізетін үлкен жолақ пайда болады (2.8-сурет),
сонда сайттың интернет-мекенжайын енгізіңіз де, [Enter] батырмасын басыңыз. Нәтиже
бірден шығады (2.9-сурет). Енді веб-шолушыны қарау кезінде пайдаланушы осы
фирманың сайтына көшу үшін «Macromedia» сөзіне тінтуірді баса қояды.
Ерекшеленген мәтіннен гиперсілтеме құру үшін сіз Modify мәзіріндегі немесе
контекстік мәзірдегі Make Link тармағын таңдаңыз немесе [Ctrl] + [L] перне
комбинациясын басыңыз. Содан соң экранда Select File диалогтік терезесі шығады. Осы
терезенің URL енгізу жолағына керекті мекенжай енгізіледі.
Интернет-адресті енгізу жолағынан оңға қарай орналасқан екі шағын нүктеге назар
аударыңыз. Оң жағында орналасқан бума түріндегі батырма дәл осы Select File диалогтік
терезесін ашуға мүмкіндік береді.
Нәтижесінде өз гиперсілтемеңіздің интернет-мекенжайын өзгерте аласыз. Ол үшін
мәтіндік курсорды гиперсілтемеге қойыңыз, адресті өзгертіңіз де,[Enter] батырмасын
басыңыз. Сонымен бірге сіз Modify мәзіріндегі немесе контекстік мәзірдегі Make
Link
тармағын таңдаңыз немесе [Ctrl] + [L] перне комбинациясын басыңыз. Содан кейін
тағы да Select File диалогтік терезесі пайда болады, онда сіз интернет-адресті өзгерте
аласыз.
2.3
.Парақшаның және навигацияның сызықтық жүйесінің қарапайым макетін әзірлеу
26
Гиперсілтемені жою және оның құрамын қарапайым мәтінге айналдыру үшін
Modify
мәзіріндегі немесе контекстік мәзірдегі Remove Link тармағын таңдаңыз немесе
[Ctrl] + [Shift] + [L]
перне комбинациясын пайдаланыңыз.
Macromedia
сайтына ауысқан кезде пайдаланушы Иванов сайтында қарауға
мүмкіндігі болатындай етуге болады. Ол үшін Macromedia сайтын веб-шолушының жаңа
терезесінде ашу керек. Мәтіндік курсорды гиперсілтеме мәтінінің бір жеріне қойып,
қасиеттер редакторын тағы бір қараңыз. 2.10-суретте гиперсілтеме мақсатын беретін ашу
тізімі көрсетіледі.
Бұл тізім төрт тармақтан тұрады, бірақ қазір біз үшін пайдалысы тек екеуі: _blank
және_self болады. Олардың біріншісі гиперсілтеме көрсететін парақшаны веб-
шолушының жаңа терезесіне, ал екіншісі – сол терезеде шығаруға мүмкіндік береді.
(
тізімнің екінші тармағын таңдағанша, оның құрамын бос қалдыра аласыз). Осы жағдайда
_blank
тармағын таңдауыңыз керек.
Гиперсілтеме мақсатын беру үшін сіз сондай-ақ Modify мәзірінің Link Target кіші
мәзірін немесе контекстік мәзірдің Target Frame кіші мәзірін пайдалана аласыз. Ол үшін
керекті ажыратқыш тармағын таңдаңыз. Default Frame тармағы әдепті қалып бойынша
мақсатты береді.
Гиперсілтеме <А> жұп тегінің көмегімен құрылады, оның ішіне мәтін орналасады.
Бұл тег мақсаттың интернет-мекенжайын беретін HREF міндетті атрибутын құрайды.
Сонымен қатар, бұл тег гиперсілтеме мақсатын беретін TARGET атрибутты қамтиды.
Пошталық гиперсілтемелерді құру. Пошталық мекенжай пошта жәшігі аты мен
«@» символымен бөлінген пошта серверінің атауынан тұрады. Сіз абоненттік жәшік
нөмірі мен осы жәшік орналасқан пошта бөлімшесі мекенжайы арасында сәйкестендіру
жүргізе аласыз. «@» белгісі — сіздің алдыңызда пошта жәшігі екенінің бірден-бір белгісі.
HTML
стандарты бойынша бұл пошта жәшігі былай жазылуы
керек:mailtoiivanov@somemail.ru , және сөзінен кейінгі қос нүкте мен мекенжай арасында
аралық жол болмауы керек.
Соңғы азатжолда, авторлық құқық туралы айтылғанда, автор аты көрсетіледі. Одан
пошта мекенжайын көрсететін гиперсілтеме жасаңыз. Ол үшін автор атын ерекшелеңіз
де, пошталық адресті жоғарыда қасиеттер редакторы мекенжайының жолағында
көрсетілген форматта енгізіңіз. [Enter] батырмасын басқан соң, пошталық гиперсілтеме
құрылады.
Dreamweaver
бағдарламасында гиперсілтемеге орналасқан пошталық адресті
түзету мүмкін емес. Егер сіз Modify мәзіріндегі Change Link тармағын таңдасаңыз (немесе
[Ctrl] + [L]
перне комбинациясын бассаңыз), толық адрестің орнына Select File диалогтік
терезесінде тек пошталық сервер мекенжайы шығады. Сондықтан сізге осы мақсатта
қасиеттер редакторын пайдаланған дұрыс.
Пошталық адресті көрсететін гиперсілтеме құрудың тағы бір тәсілі бар. Нысандар
панелінде Common парақшасына көшіңіз де Email Link батырмасын басыңыз (2.11-сурет)
немесе Insert мәзірінде Email Link тармағын таңдаңыз. Осы әрекеттер нәтижесінде экранда
2.12-
суретте көрсетілген Email Link шағын диалогтік терезесі пайда болады.
Парақшаның және навигацияның сызықтық жүйесінің қарапайым макетін әзірлеу
27
1i>1i>
Достарыңызбен бөлісу: