«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік



Pdf көрінісі
бет121/196
Дата12.12.2022
өлшемі9,76 Mb.
#56604
түріБағдарламасы
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   196
Байланысты:
edu kk

Бизнес-жоспар құрылымы:
1. Түйіндеме (жобаның тұжырымдамасы);
2. Өнімнің сипаттамасы;
3. Маркетингілік жоспар;
4. Өндірістік жоспар;
5. Ұйымдастыру және басқару жоспары;
6. Жобаны іске асыру жоспары;
7. Қаржылық жоспар;
8. Жобаның тәуекелдерін талдау;
9. Қосымшалар. 
7.3. БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ БӨЛІМДЕРІ (МАРКЕТИНГІЛІК, 
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ, ӨНДІРІСТІК, ҚАРЖЫЛЫҚ) 
1. Түйіндеме (жобаның тұжырымдамасы)
Түйіндеме қысқа болуы, бір-екі беттен аспауы керек. Әлеуетті инвестордың 
жоспармен алғаш рет танысуы жоба тағдырына байланысты, сондықтан да түйін-
деме қызығушылық тудыратындай жазылуы керек.
Түйіндемеде мынадай ақпарат көрсетіледі: 
• жобаның бастамашы-кәсіпорнының толық атауы, мекенжайы мен телефоны;
• жобаның атауы, мәні;
• кәсіпорынның, оның ерекшеліктерінің, кәсіпорынның бүгінгі күндегі дамуы 
қандай деңгейде екендігі туралы сипаттама;
• қызметкерлер құрамының саны мен біліктілігі туралы қысқаша мәліметтер;


146
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК 
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
• жобаның жиынтық құны, инвестордың жобаға инвестициялайтын қаражаты-
ның көлемі;
• қаржыландыруға қажеттілік, инвестициялаудың сәйкес нысандары мен талап-
тары, қарыз қаражатты қайтару бойынша кепілдіктер
• жоба тиімділігінің негізгі экономикалық көрсеткіштері.
Мысалы, бизнес-жоспарды әзірлеу мақсаты – инвестиция тарту және «Бастау 
Бизнес» жобасы бойынша өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті да-
мыту бағдарламасының 2-бағытының «Игілік» бағдарламасы бойынша ферма құру 
тиімділігін негіздеу. 
1. ҚАРЫЗ АЛУШЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
Аты-жөні
Азаматтығы
Қазақстан Республикасы
Мекенжайы
Жеке куәлігінің №
Туған күні мен жері
ЖСН
7350173хххх
Отбасылық жағдайы мен жұмыс істеуге 
қабілетті емес балаларының саны
Білімі
Жоғары
Мамандығы
Мүгедектігінің болуы
жоқ
Байланыс деректері 
870292ххххх
Қарызды мақсатты пайдалану:
«Игiлiк» бағдарламасы бойынша ІҚМ өсіруді 
ұйымдастыру
Валюта:
теңге
Жобаның жалпы сомасы, мың теңге:
3 750
Соның ішінде қарыз қаражаты, мың теңге:
3 750
Соның ішінде өзінің қаражаты, мың теңге:
0
Кәсіпорынды сипаттау инвестициялық шешім қабылдайтын тұлғаларда кәсіпо-
рын туралы, инвестициялау нысаны ретінде немесе инвестициялық жобаны іске 
асырған кезде болуы мүмкін серіктесі ретінде нақты көзқарас қалыптастырады. 
Мысалы, Қазақстанның мал шаруашылығы бүкіл ауыл шаруашылығындағы жал-
пы өнімнің шамамен 43% алады. Мал шаруашылығы Қазақстанның негізгі эконо-
микалық міндеттерінің бірі және ауыл халқының жұмыспен қамтылу, тамақтану 
және табысының негізгі көзі болуды жалғастыруда. 


147
Табиғи жем-шөп алқабының сипаты, бәрінен бұрын, қой шаруашылығын, рес-
публикадағы өндірілген еттің шамамен 65% үлесін алатын етті бағыттағы мал ша-
руашылығын, сондай-ақ сүтті бағыттағы мал шаруашылығын дамытуға болатынын 
көрсетеді.
Жобаның тұжырымдамасы ірі қара мал өсіру үшін ферма ашуды көздейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет