«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік


Екінші тарау – қауіпсіздік қорын қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет129/196
Дата12.12.2022
өлшемі9,76 Mb.
#56604
түріБағдарламасы
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   196
Байланысты:
edu kk

Екінші тарау – қауіпсіздік қорын қалыптастыру. Батыста бұл қордың көлемі 3-6 
айға дейінгі уақытқа жететін шамада есептеледі. Егер адам ауырып қалса неме-
се жұмыссыз қалса, жарты жылға дейін жететін қаржысы болуы керек. Әрине, бұл 
«қауіпсіздік қоры» түсінігі қазақ даласына ене қойған жоқ. Бір жағдай болса, бізді 
ағайын-туған қолдайды, қорадағы тана-торпағын сатып күнелтіп жатады. Заман өз-
геріп келеді. Бүгінгі қазақ ауылы бұдан 20-30 жыл бұрынғы қазақ ауылына мүлдем 
ұқсамайды. «Өзің үшін өл, жетім» деген, яғни нарық заманы басталды. Балапан
басымен, тұрымтай тұсымен кетті. Сондықтан қаржылық жоспарда сақтандыру та-
рауының болғаны абзал.
Үшінші тарау – инвестициялық жоспарлау тарауы. Әр адамның алдына қойған 
қаржылық мақсаты бар. Біреу көлік алуды, біреу үй салуды, той жасау, тағы басқа 
нәрселерді жоспарлайды. Сол жоспарлар үшін қаржы жинақтауы керек. Бүгінгі 
қаржы нарығы түрлі құралдарды, яғни түрлі мүмкіндіктерді ұсынып отыр. Біреу ар-
тық қаржысын жер алуға, біреу мал алуға, тағы біреу банкке салуға, ал тағы біреу 
акция сатып алу арқылы инвестиция жасайды. Экономика саласының мамандары 
қаржыны бір құралда – барлығын депозитте, акцияда немесе жылжымайтын мүлік-
те ұстауға болмайды, басқаша айтқанда «барлық жұмыртқаны бір себетте ұстауға 
болмайды» дейді. Егер нарықтың сол сегменті құлдырап кетсе, бірден бар бай-
лығыңыздан, дүние-мүлкіңізден айырылып қалуыңыз мүмкін.
Төртінші тарау – зейнетақы қоры, зейнетке шыққаннан соң қиналмай, бала 
мен келіннің қолына қарамай, қайта ұл-қыздарыңыз бен немере-шөберелеріңізге 
көмектесу мүмкіндігін жасау жоспары. 
Батыстың өмірінен бір мысал келтірейік. Біз де қазір сол Батыс елдерінің жолы 
мен үрдісіне түсіп барамыз. «Қаржылық тәуелсіздікке жол» атты бестселлердің ав-
торы, қаржы саласының данышпаны болып саналатын Бодо Шеффердің есебіне 
қарағанда, 35 жастан бастап айына жүз доллардан инвестиция жасап тұрсаңыз, 65 
жасқа келгеніңізде сіздің шотыңызда 524 785 доллар қаржы жиналады екен. Бұл 
жерде бір шарт бар: инвестицияңыз жылына 12 пайыз өсіп тұру қажет. Жылына 20-
25 пайыз өсім беретін компаниялар да бар екенін айта кетуіміз керек. Сол баяғы 
қазақ айтпақшы «Тарта жесең тай қалады, қоя жесең қой қалады, ал қоймай жесең, 
не қалады?» 
Егер қаржылық жоспар бойынша жасай бастасаңыз, өз қаржыңызды бақылау-
да ұстап, алға қойған мақсатыңызды орындау едәуір оңай болады. Қазақстанның 
экономикалық сауаттылық жөніндегі халықаралық орталығының зерттеулеріне 
қарағанда, 63% қазақстандықтың ақшасы жалақы алатын күнге жетпейді, 38% қа-
зақстандық кірісі мен шығысын мүлдем есептемейді. 
Сарапшылар күнделікті қаражатты жазып жүруді ұсынады. Сатып алғандары-
мызды қағазға түсіріп жүретін болсақ, ақшамыздың қалай жұмсалып жатқанын 
білетін боламыз. Отбасылық бухгалтерия тек тәртіпке шақырып қоймай, адамды 
үнемдеу мен қажетсіз қаражаттардан аулақ болуға баулиды, мотивация туғызады. 
Екі түрлі қаржылық жоспарлау бар. Біріншісі – қысқа мерзімді жоспарлау. Бұл – 
әдетте, бір айлық жоспар. Бұл жоспарлаудың басты мақсаты – бір айлық шығыстың 
бір айлық табыстан асып кетпеуіне қол жеткізу. 
Мамандар кесте жасап, сол кестеге барлық шығыстар мен кірістерді жазып оты-
руды ұсынады. Сонда бір айда қанша табыс кіріп, қанша шығыс шыққанын білетін 
боласыз. Осылай бір айда сіздің отбасыңызға қанша ақша кететінін білесіз. Егер 


159
кірісіңізден шығысыңыз көп болса, неден бас тартуға, қай нәрсені арзандау алуға
болатынын шешіңіз. 
1. Үш ай бойы өзіңіз бекіткен бюджеттің шегінен шықпауға бел байлаңыз. Сол 
үш айда жаңа қаржылық тәртіпке үйреніп, нәтижесін көре бастайсыз. 
2. Отбасылық бюджеттеріңізде кредиттік төлемдер айлық табысыңыздың
30% аспауына қол жеткізіңіз. 
3. Табысыңыздың 10% жинап отырыңыз. Мамандар көп адамдардың табы-
сының 10%-ының қайда, қай мақсатта жұмсағанын біле де бермейтінін айтады. 
Қаржылық сауаттылықтың ең төмен деңгейін құрайтын бірнеше жайт бар: 
«Бірінші кезекте өзіңнің шығыстарың мен табыстарыңды бақылау керек. Егер 
сіз 200 мың теңгені құрайтын жалақыны табыс деп санасаңыз, бұл мүлдем олай 
емес. Негізгі қор – уақыт. Нарық сіздің уақытыңызды қалай бағалайтынын көру 
керек. Жұмысыңыздың бір сағаты қанша тұратынын есептеңіз. Бұл сізге келесі қа-
дамды жасауға, яғни жұмыстың әрбір сағатында табысты көтеруге көмектеседі. Ол 
жұмыстың өзгешелігіне байланысты: тиімділікті арттыруға, уақытты ұтымды пайда-
лануға және егер табыс соған байланысты болса, көбірек істеуге немесе қосымша 
міндеттерді алып, қосымша дағдылануға болады. Сонымен қатар жұмыстың бір 
сағат құнына сүйене отырып, шығыстарды бағалаңыз. Бұл өзіңізге кез келген зат-
тарға қол жеткізу мүмкіндігіңізді дұрыс бағалауыңызға көмектеседі. Шығыстарды 
бағалау өте маңызды, өйткені қарыз қақпанына түсіп кетесіз де, одан шығу қиынға 
түседі. Екіншіден, өзіңізді барлық шарттарды оқуды және қаржы қызметтерінің 
мәнін жете ұғынуды үйреткен жөн. Егер несие жөнінде айтсақ, бастап жатқандар 
үшін несие сомасының үстінен қанша төлейтініңізді біліп алып, ұсыныстарды са-
лыстыруды ұсынамыз, өйткені пайыз мөлшерлемесінен басқа беру үшін төленетін 
комиссиялар және басқа шарттар болады».
Қазір интернетте де, кітап дүкендерінде де отбасы бюджетін жоспарлау бойын-
ша әдебиеттер көп. Ең бастысы, шығысымыздың кірісімізден көп болмауына көңіл 
бөлуіміз керек, сондай-ақ табысымыздың 10%-ын қанша ерте үнемдеп бастасақ, 
алға қойған мақсаттарымызға тез жетеміз.
8.2. БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ МОДЕЛІНІҢ НЕГІЗГІ 
ҰҒЫМДАРЫ
ҚАРЖЫЛЫҚ МОДЕЛЬ
Осы бөлімге мынадай қаржылық көрсеткіштер мен параметрлер бойынша 
кәсіпорынның талдауы кіреді: 
- қажетті бастапқы капитал;
- бастапқы капитал көздері; 
- құн калькуляциясы;
- есептілікті жүргізу және қаржылық жоспарлау; 
- «залалсыздық нүктесін» есептеу.
ҚАЖЕТТІ БАСТАПҚЫ КАПИТАЛ
Бастапқы капитал – істі бастауға қажетті ақша. Өз ісіңді бастарда бастапқы 
капитал қанша қажет және оны қайдан алуға болатындығын міндетті түрде білу 
керек. Бастапқы капитал: 
• инвестициялар
• айналым капиталы үшін керек.


160
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК 
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
СІЗГЕ ҚАНДАЙ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ҚАЖЕТ?
Инвестициялар деген бизнесіңіз үшін құнды нәрсені сатып алу, оны ұзақ уақыт 
пайдалануыңызды білдіреді. Кейде істі бастау үшін үлкен инвестициялардың қа-
жеті жоқ, одан да оларды ең төмен деңгейде пайдаланған тиімдірек. Бұл тәуекел-
дерді төмендетеді. Инвестициялық минимумды есептеу керек. Оны екі санатқа 
бөлуге болады: 
• ғимарат;
• жабдықтар.
Бұл бөлім фирманы қаржы ресурстарымен қамтуды және жоспарланған кезең-
де ақша ресурстарын тиімді пайдалануды көрсетеді. 
Бизнес-жоспардың осы бөлімі қорытынды болып табылады және өндіріс бол-
жамы мен өнімді өткізудің нәтижелері бойынша есептеледі. Мұнда ақша ағынының 
болжамды қозғалысымен (түсімдер мен төлемдер) қатар, кәсіпорынның ағымдағы 
қаржылық жағдайы (егер жоба әрекеттегі кәсіпорында жүзеге асырылып жатқан 
жағдайда) егжей-тегжейлі сипатталуы тиіс. Әдетте, қаржылық бөлім үш негізгі құ-
жатпен беріледі: 
А) пайда мен залал туралы есеп;
Б) теңгерімдік тізімдеме;
В) ақша қаражатының қозғалысы (Cash-Flow) туралы есеп.
Пайда мен залал туралы есеп кәсіпорынның жобаның ағымдағы кезеңіндегі 
операциялық қызметін бейнелейді. Осы есеп арқылы кәсіпорынның белгілі кезең-
де алатын пайда мөлшерін анықтауға болады. 
Теңгерімдік тізімдеме кәсіпорынның есептеліп жатқан кезеңнің соңындағы 
қаржылық жағдайын бейнелейді, оның талдауынан жобаны жүзеге асырып жатқан 
кәсіпорынның нақты кезеңдегі активтерінің өсуі мен қаржылық жағдайы туралы 
қорытынды жасауға болады. 
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп қолма-қол ақшаның қалыптасуы 
мен жылыстауын, сондай-ақ кәсіпорынның ақша қаражаты қалдығының бір кезең-
нен келесі кезеңге өсу қарқынын көрсетеді. 
Үш есептің нәтижесінің негізінде кәсіпорынның қаржы ресурстарына талдау 
жасалады және жобаны қаржыландыру схемасы құрылады. 
Бизнесіңіз бойынша шығыстар сметасын жасаңыз. Ол өзіндік құн калькуляция-
сының және сіздің пайда мен залалдарыңыздың болжамын құрастырудың негізіне 
жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет