Арнайысалық режимі – салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін белгіле-
нетін және салықтардың және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем-
ақының жекелеген түрлерін есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар бойынша
салықтық есептілікті ұсынудың оңайлатылған тәртібін қолдануды көздейтін
бюджетпен есеп айырысулардың ерекше тәртiбi.
Ашық деректер – бұл мемлекеттік органдардың және басқа да ақпарат иелерінің
жалпыға қолжетімді, машиналық түрде оқылатын деректері бар алаң.
Ашық нормативтік-құқықтық актілер (НҚА) – бұл әзірленіп жатқан заң жобаларын,
мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобалары мен рұқсат құжаттарын
талқылаудың бірыңғай алаңы.
Ашық бюджеттер – портал негізінен азаматтардың мемлекеттегі «бюджет» ұғымы
туралы түсінігін жеңілдету және бюджет қаражатын жұмсауды қоғамдық бақы-
лау арқылы белсенді азаматтық ұстанымды дамытуға жәрдемдесу мақсатында
құрылған.
Ашық диалог – мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы тиімді кері байланыс
жасауға арналған алаң.
Әкімшілік-басқару шығыстарына әкімшілік-басқару персоналының негізгі жалақы-
сына және оған есептелген төлемдер мен сыйақыларға жұмсалатын шығыстар;
іссапарлар мен көлікке жұмсалатын, кеңсе және пошта-телеграф шығыстары;
әкімшілік-шаруашылық ғимараттар мен орынжайларды ұстау құны, сондай-ақ
ғимараттар мен құрал-саймандардың өтеліміне жұмсалатын шығыстар және
басқадай әкімшілік-басқару шығыстары жатады.
Бизнес-жоспар – ұйымның өндірістік, сату және қаржылық қызметі туралы толық
ақпараты бар іскерлік ұсыныстар мен жобалар ұсынудың формасы және өзінің
экономикалық мүдделері мен әріптестерінің, инвесторлар, тұтынушылар, дел-
далдар және жобаның басқа қатысушылары мүдделері теңгеріміне негізделген
ынтымақтастық перспективаларын, жағдайларын және нысандарын бағалауды
қамтитын әлемдік шаруашылық тәжірибеде жалпы қабылданған бизнес-ұсы-
ныстар мен жобаларды ұсынудың нысаны.