46
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер нысанында құрылтай шарты негiзiнде
құрылады.
Кредиттiк серiктестiк Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясын-
сыз банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын коммерциялық
ұйым болып табылады.
Кредиттiк серiктестiк жұмысының негізгі принциптері
Кредиттік серіктестік (КС)
Микроқаржы ұйымы (МҚҰ)
• Адамдарды біріктіру
• Бір қатысушы – бір дауыс
• Клиенттер – тек қатысушылар
•
Қарапайым қаржылық қызметтер
• Мақсаты – қатысушылар үшін барынша
пайда
• Пайдаға байланысты қызметтердің
құнын төмендету
• Меншік иелері – қатысушылар:
бақылау мен
саясатты қалыптастыратын
қатысушылардың өздері
• Капиталды біріктіру
• Акцияларға иелік
етудегі пропорционалды
құқық
• Шектеусіз клиенттер саны
• Қаржылық қызметтердің көптеген тізбесі
• Мақсат – акционерлер үшін
ең көп пайда
• Пайданы акциялар иелеріне
пропорционалды түрде бөлу
• Меншік иелері = акционерлер: бақылау
мен саясатты
қалыптастыратын ірі
акционерлер
Кредиттік серіктестікке кіру үшін қатысушы міндетті салымның ең төменгі со-
масын салады. Кредиттік серіктестіктің ұлттық валютамен қалыптастырылған және
төленген бастапқы жарғылық капиталы қатысушылардың міндетті жарналары-
ның сомасына тең және уәкілетті орган белгілеген сомадан кем болмауы керек.
Әр қатысушының міндетті серіктестіктің жарғылық капиталының жалпы сомасына
қатынасы кредиттік серіктестіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: