Екінші деңгей – мектеп директорының орынбасарлары, мектеп
психологы, əлеуметтік педагог, қоғамдық пайдалы еңбекті ұйымдастырушы.
Үшінші деңгей – мұғалімдер, тəрбиешілер, сынып жетекшілері.
Төртінші деңгей – оқушылар, сынып жəне жалпы мектеп
оқушыларының өзін-өзі басқару органы. Бұл деңгейдің бөлінуі мұғалімдер
мен оқушылардың арасындағы қатынастың субъект-субъектілік сипатын
көрсетеді. Оқушы өзара əсерлесу объектісі бола отырып, өзінің дамуына
субъект рөлін атқара алады.
Қазіргі заман жағдайында білім беру мекемелерінің педагогикалық
жүйесін əрқайсысы өз алдына күрделі жүйе бөлімшелері болып есептелетін
төмендегідей жүйешелер бірлігі ретінде қарастыру қабылданған:
1. дидактикалық, бұл жүйеше өз ішіне сабақ жəне сабақтан тыс оқу-
тəрбие жұмыстарын; міндетті жəне факультатив дəрістерді; оқу процесін
ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақты (сабақтағы оқушы жəне
мұғалімдердің жұмыс орындау əдістемелерін) -əрбірін өз алдына жүйе
бірліктері ретінде қамтиды;
21
2. тəрбиелік – үлкен жүйе бола тұрып, келесідей сыныптан тыс жəне
мектептен тыс тəрбие жұмыстары, отбасы тəрбиесі, қоғамдық мекемелердегі
тəрбие жəне өзіндік тəрбие жүйешелерінен құралады;
3. оқушылардың өзіндік басқару жүйешесі (мұның құрамына енетіндер:
сыныптағы өзіндік басқарым, əрқилы іс-əрекет бағыттары бойынша кіші
жүйешелер);
4. мектептің əкімшілік жүйесі: оқу процесін басқару, тəрбие
жұмыстарына жетекшілік, басқа да жұмыс түрлерін ұйымдастыру
жүйешелерінен құралады.
Білім беру жүйесінде қалаған деңгейдегі басқару қатынастары
тəрбиелік қызметті де атқарады, басшының, тəрбиешінің, мұғалімнің
моральдық, əдептілік кейпіне жоғары талаптар қойылады. Кəсіби іс-əрекетті
əрқилы деңгейде бірдей тең басқару – бұл да педагогикалық жүйелерді
басқарудың өз алдына ерекшелігі. Білім алушының тұлғасын қалыптастыру
барысындағы оқушы іс-əрекетін тəрбиешінің бір өзі басқармайды, бұған
бірнеше пəн мұғалімдері, сынып жетекшісі жəне басқа да күнделікті ықпал
жасаушы
мектептің
барша
қызметкерлері
араласады.
Сондай-ақ,
мұғалімдердің, сынып басшыларының қызметтеріне мектеп директоры мен
директордың оқу, тəрбие жəне сыныптан тыс жұмыстар бойынша
орынбасарлары əкімшілік басқару жүргізеді. Мұғалімдер бір уақытта
бірнеше қызмет атқарады. Ол – сынып жетекшісі, пəн мұғалімі, əдістемелік
бірлестік мүшесі.Мектептің жұмысы ата-аналармен, қоғамдық ұйымдармен,
мемлекеттік мекемелермен қатынастар негізінде атқарылады. Мұғалімнің
басқаруымен жүргізілетін жұмыстардың негізі- білім беру мазмұнын жаңарту
жағдайында бастауыш білім берудің келесі мақсаттарын орындау:
-кең ауқымды дағдылардың негіздерін меңгерген оқушы тұлғасының
үйлесімді қалыптасып дамуына қолайлы білім беру ортасын құру;
- оқу-тəрбие үрдісін ұйымдастырудың жаңа əдістері мен түрлерін білу;
-жинақтаған іс-тəжірибе негізінде инновациялық технологияларды
пайдалана отырып,баланың білімге деген құлшынысын арттырып, өздігінен
ізденуге бағыт беретін əдіс-тəсілдердің жаңа формаларын оқу-тəрбие
үрдісінде қолдануға жағдай жасау.
Қазіргі заман оқушыларынан келесі дағдылар талап етіліп отыр:
1. білімді функционалдықпен жəне шығармашылықпен қолдану;
2. сыни тұрғысынан ойлау;
3. зерттеу жұмысын жүргізу;
4. ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану;
5. коммуникативті қарым-қатынас тəсілдерін, оның ішінде тілдік
дағдыларды пайдалану;
6. топпен, жұппен жəне жеке жұмыс жасай білу.
Бұл дағдыларды қалыптастырудағы мұғалімнің басты міндеттері:
- оқыту материалын дайын күйде көрсету емес, оқушымен бірлесіп,
алға қойған міндеттерді түсіндіру;
- оларды шешудің тəсілдерін, жолдарын қарастыру;
22
- өз ойын, пікірін айтқысы келген оқушыны тыңдау;
- ой пікір білдірушінің жағына шығып, оның логикасын түсіну;
- қате пікірді жоққа бірден шығармай,бағыт-бағдар беру арқылы,
оқушылардың өзара пікір алысуы барысында елеусіз түзету;
- оқушының ойын еркін айтуға мүмкіндік туғызу.
Орта мерзімді жоспарды əзірлеп болған соң, мұғалім əрбір жеке
сабақтың жоспарын (қысқа мерзімді жоспар) дайындайды. Сабақты
жоспарлауды бастағанда мұғалім бұл сабақтың мақсаты қандай болатынын
біледі. Сабақтың мақсаты оқу бағдарламасында баяндалған оқу мақсатына
сəйкес келуі керек, бірақ оқу мақсаттарының барлық тармақтарын
қамтымауы мүмкін. Сабақ мақсаттарын тұжырымдау барысында олар
оқушылардың сабақ соңында не істей алу керектігі тұрғысынан белгілі бір
нəтижелерді сипаттауы керек екенін есте ұстау қажет. Қысқа мерзімді
жоспарлау барысында сабақта мұғалімнің не істейтініне емес, оқушылардың
немен айналысатынына назар аударылады, сабақты жоспарлауды
жеңілдетеді, оқуды бағалауды, оқыту мен оқуды болжамдауды жеңілдетуге
көмектеседі.Сонымен бірге, білім беру деңгейлері аралығында пəн бойынша
сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша
педагогикалық мақсат қойылады.Бастауыш сынып оқушыларын көбірек
ойынға, бірлескен жұмысқа бағыттағанда ғана балада креативті ойлау
дағдысы дамып, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады.
Шығармашылық тапсырмалар оқушыларға зақым келмейтіндей жəне
мəжбүрлемей, оқушының шынайы білімінің тереңдігін көрсетеді. Олар
оқушының креативті ой-санасын дамытып ойлануды үйретеді. Сондықтан
сабақ барысында «ойлап табыңыз», «құрастырыңыз», «салыстырыңыз»,
«түзетіңіз», «дəлелдеңіз», «жинақтаңыз», «мағынасына қарай бөліңіз» деген
тапсырмаларды ұсыну қажет болады.Бағдарламаның басым бөлігі сындарлы
оқыту теориясы негіздерін қамтиды. Бұл теория оқушылардың ойлауын
дамыту, олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі
дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан жəне достарынан алған
білімдерімен өзара əрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға
негізделеді.
Д.Карнегидің басқара білудің (əлеуметтік-психологиялық болып
табылатын) 10 ережесін үнемі назарда ұстау қажет:
1. Адамдардың ерекшелігін ықыласпен мойындаңыз жəне мақтаудан
бастаңыз.
2. Кемшілікті жанама түрде көрсетіңіз,тура сынау пайда келтірмейді.
3.Алдымен өз қатеңіз туралы айтудан бастаңыз, сонан соң сынаңыз.
4.Бұйрық беруден бұрын сұрақ койыңыз.
5.Адамға өз жетістіктерін қорғауға мүмкіндік беріңіз.
6.Мақтауға сараң болмаңыз.
7.Адамның үмітін ақтау жəне сақтау үшін мүмкіндік туғызыңыз.
8. Мадақтаңыз. Кемшілікті оңай түзетуге болатындай, ол қиындык
келтірмейтіндей үміт туғызыныз.
23
9. Өз қалауынша, адам қызығушылыкпен орындайтын күйге қол
жеткізіңіз.
10. Адамның өз бейнесін сақтауға мұмкіндік беріңіз.
Д.Карнегидің ұсынып отырған ережесі қарауындағы адамға
сыйластықпен қарауға үйретеді. Менеджменттік басқару əдісінде жеке
тұлғаға сенімділікпен қарау негізі қаланған. Менеджменттің басты мақсаты
— жетістік. Ал жетістікке ұмтылу адамды дамытуға бастайтын үлкен күш.
Тиімді басқару арқылы педагогикалык қызметтің сапалы нəтижесі үшін
атқарылған жұмыстың жемісін көруге болады. Басқарудың педагогикалық
менеджмент негіздерін меңгере отырып кез келген деңгейдегі педагогтердің
біліктілігін көтерудегі негізгі міндет — əдістемелік сауаттылыкты меңгере
алуы (ағартушылық, құзырлылық, зерттеушілік мəдениеті).
Педагогикалық менеджмент мектеп басшысы мен мұғалімдердің
құзырлылық пен белсенділігін жəне өзін дамыту үшін жағдай туғызудағы
дамытушылықты басқару болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |