24
1. Педагогикалық жүйелерді басқару қызметін жүзеге асыруда
жүйелілік пен тұтастық, синергетикалық,
мақсаттық - бағдарлылық,
технологиялық, құзыреттілік, нəтижелілік, кері байланыстық ұстанымдар.
2. Басқару ұстанымдарына (Ю.А. Конаржевский) сипаттама
3. Басқару əдістері. Əлеуметтік-психологиялық басқару əдістері.
Басқарудағы ұйымдастыру жəне əкімшілік əдістер. Экономикалық басқару
əдістері.
Педагогикалық
жүйелерді басқару оның жүйелілік, синергетикалық
қасиеттерін, жүйенің өмір сүру жəне дамуы жағдайлары туралы
түсініктерді ұғынуды қажет етеді. Ю.А. Конаржевский ұсынған
басқарудағы
демократиялық пен ізгіліктік заңдылықтарын орындау түрлі деңгейдегі
жүйелерді басқарушылардың, педагогтар
мен білім алушылардың, ата -
аналар белсенділіктерін жүйе құрылымында пайдалануға ықпал етеді.
Осылайша, жүйенің компоненттері мен құрылымы, олардың байланыстары,
жүйе құраушылық (жүйені жаңа сапаға өткізуге қабілетті ішкі механимі)
факторы жəне қоршаған ортамен байланысы терең қамтылып, белгілі бір
принциптерге сүйенеді. Педагогикалық жүйелерді
басқару қызметін
жүзеге асыруда
жүйелілік пен тұтастық, синергетикалық, мақсаттық -
бағдарлылық,
технологиялық,
құзыреттілік,
нəтижелілік,
кері
байланыстық
ұстанымдар жүйесін басшылыққа алуды көздейді.
Басқарудағы жүйелік пен тұтастық ұстанымы. Педагогикалық үрдістің
жүйелік жəне тұтастық табиғатын басшылыққа алу оны тиімді басқарудың
алғышарттарын құрауға негіз болады. Басқарудағы жүйелік
тұрғы
педагогикалық үрдісті тұтас жүйе ретінде қарастырып, оның негізгі
қасиеттеріне сүйенуге мүмкіндік береді. Бұл ұстаным барлық деңгейлердегі
педагогикалық жүйелердің құрамы, құрылымы, жүйе құраушы факторлары
мен қызметтік компоненттері мен өзара байланыстарының түгел қамтылуын
қамтамасыз етеді.
Синергетикалық ұстаным. Əлеуметтік жүйелер ашық
жəне
өзгеретін, сыртқы ортамен қарым-қатынас арқылы өзін-өзі дамытуға
мүмкіндігі бар жүйелер. Осындай сапаларына сай педагогикалық жүйенің
барлық деңгейлерінің де синергиялық қасиеті көрінеді. Синергетикалық
принциптің сақталуы педагогикалық жүйе субъектілерінің өзін-өзі басқару
негізінде өзіндік дамуын қамтамасыз етеді. Бұл өзгерістер тұтас жүйенің
жəне оның компоненттерінің дамуына, өзгеруіне, белсенділігін арттыруға
жағдай туғызып,
жүйенің жаңа сапаға өтуін қамтамасыз етеді.
Мақсаттық –
бағдарлылық ұстаным белгілі бір мақсатқа қол
жеткізуге бағытталуын, сонымен қатар жүйенің барлық компоненттеріндегі,
кіші
жүйелердегі
өзгерістер
жалпы
жүйе
мақсатына
сəйкес
ұйымдастырылуын қамтамасыз етуді қажет етеді.
Бұл принцип сонымен
қатар мақсат қою барысындағы ізденушілік пен зерттеушілік əрекеттер
негізінде талдау мен шешім қабылдау қызметін де қамтиды.
Технологиялық
ұстаным жүйенің алдына қойылған міндеттерді орындаудың технологиялық
алгоритмі құрастырылып, қажетті ресурстардың алдын - ала анықталуын
қамтамасыз етеді. Технология талаптарына сай қатысушылардың
25
қызметтерін бөлісу жəне оларды үйлестіріп отыру ұйымның мақсатына қарай
жылжуын қамтамасыз етеді, бұл принцип қатысушы адамдардың мақсаты
мен жүйенің даму мақсатын сəйкестендіріп отыруға мүмкіндік береді.
Құзыреттілік ұстанымы жүйенің өзгерістерін ұйымдастырушы
субъектілердің мақсатты орындауға қажетті құзыреттіліктері болуын талап
етеді. Басқару – ақпараттық, коммуникативік, рефлексиялық əрекеттер
арқылы жүзеге асырылады, өйткені, қызмет барысында қамтылатын
педагогикалық
талдаулар мен шешімдер, болжау мен жоспарлау əрекеттері
негізінен оған қатысушылардың құзыреттіліктеріне тығыз байланысты.
Кері байланыс ұстанымы. Жүйені басқаруда мақсат-міндеттермен
қатар күтілетін нəтижелер белгіленеді. Педагогикалық немесе басқару
процесінде нəтиженің орындалу барысы, жолдары мен тəсілдері талданып,
объективті баға беріледі. Кез келген педагогикалық жүйе – ашық əлеуметтік
жүйе ретінде ортамен, ата-аналармен, түрлі қоғамдық, ұйымдарымен, ұжым
ішіндегі адамдармен диалогтық қатынаста болады.
Нəтижелілік ұстанымы күтілетін нəтижелердің
алдын - ала нақты
сипатталуы мен оған қол жеткізуге бағытталған технологиялар мен тиімді
əдіс - тəсілдердің, ресурстардың таңдалуымен қамтамасыз етіледі, сонымен
қатар, нəтижелердің мақсатқа сəйкестілігі сараптамалар арқылы анықталады.
Күтілетін нəтижелер соңғы кезеңде ғана емес, жұмыс барысын бағалау үшін
бірнеше кезеңдер бойынша аралық нəтижелер ретінде де жасала алады.
Достарыңызбен бөлісу: