Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева



Pdf көрінісі
бет21/93
Дата13.12.2022
өлшемі1,08 Mb.
#56897
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   93
Байланысты:
pedmen1

Басқару əдістері. Білім беру мекемесін басқару ұжымға, оның жеке 
бөліктеріне, қызметкерлер мен оқушыларға ықпал ету əдістері мен тəсілдерін 
анықтаумен байланысты. Басқару əдіснамасы басқару əдістерін зерттеуді 
қарастырады. Əдіс (грек тілінен аударғанда «methodos»- жол) - мақсатқа жету 
жолы деген ұғымды білдіреді. Басқару əдістерінің көмегімен басқарушылық 
қызметтің негізгі мазмұны жүзеге асырылады. Басқару əдістерінің жеке мəні 
мен өзіндік даму жолдары бар.[7] Басқару əдістері –бір жағынан, басқару 
функцияларын жүзеге асыру үдерісі, ал екінші жағынан, өз жұмысын 


28
жандандыру жəне оны шығармашылық, мүдделі, белсенді сипатқа ие ету 
мақсатында ұйым қызметкерлеріне əсер ету процесі.В. Веснин басқару 
əдістері басқару стилдерін қалыптастыратын негізгі факторлардың бірі, 
соның нəтижесінде басшы мен қызметкерлер арасында өзара байланыс 
қалыптасатынын жəне басқару стиліне негіз салатын орындаушылардың 
қызметін ұйымдастыру əдістері екенін айтады. [14] Басқару əдістері 
сипатына қарай мынадай топтарға бөлінеді:əлеуметтік-психологиялық, 
ұйымдастыру жəне əкімшілік əдістер,экономикалық əдістер. 
1) Əлеуметтік-психологиялық басқару əдістері - адамның жəне 
ұжымның мінез-құлқына ықпал ету жолдары, ұйымның күйі мен көңіл-күйі 
туралы, жоғары моральдық мəдениет негізінде ұйымда жағымды климатты 
жандандыру, адам мен ұжымға терең құрмет көрсету тəсілдерін 
қарастырады.Əлеуметтік-психологиялық əдістер жақсылық жəне қатыгездік, 
өмірдің мəні, қоғамдағы моральдық қағидаттар, жеке адаммен қарым-
қатынас жəне т.б. сияқты əлеуметтік жəне жеке маңызды моральдық 
құндылықтар бойынша қоғамдық пікір қалыптастыру мен дамытуға 
негізделген. Олар жеке тұлғаларға əсер етудің нақты жолдарының еңбек 
ұжымында туындайтын қатынастар мен байланыстарын қарастырады. 
Əлеуметтік-психологиялық əдістер – білім беру мен тəрбие құралы ретінде 
оқыту мақсатына жетуге бағытталған педагогтар мен оқушылар іс əрекетінің 
өзара 
байланысын, 
тиімді 
қарым-қатынасын 
анықтау 
тəсілдері, 
педагогикалық ұжым мүшелерінің жауапкершілігін көтеру жəне белгіленген 
міндеттерді орындауға дайындау, ұйымдастыру мақсатында қолданылады. 
Əлеуметтік əдістер қызметкердің ұжымдағы орны мен рөлін, бейресми 
көшбасшыларды анықтау жəне қолдау көрсету, еңбектің соңғы нəтижесіне 
жету үшін қызметкерлерді ынталандыру, тиімді қарым-қатынасты 
қамтамасыз ету жəне топтағы адамдар арасындағы қақтығыстарды 
болдырмауға мүмкіндік береді. Əлеуметтік басқару əдістерінің ішіне: 
əлеуметтік жоспарлау, əлеуметтік зерттеулер, жеке қасиеттерін бағалау, 
мораль, серіктестік, бəсекелестік, жанжалды жағдайларды басқару кіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет