Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева



Pdf көрінісі
бет5/93
Дата13.12.2022
өлшемі1,08 Mb.
#56897
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93
Байланысты:
pedmen1

Негізгі ұғымдар
U
басқару, парадигма, құндылықтар, менеджмент 
ұғымы, даму кезеңдері, педагогикалық менеджмент 
U
Жоспары: 
1. Басқарудың парадигмалары, құндылықтары. 
2. Менеджменттің ғылым ретінде пайда болуы, даму кезеңдері жəне 
тарихы, оның кəсіби білім беру жүйесіндегі түрленуі.
3. Ғылыми менеджмент мектептері.
4. «Менеджмент», педагогикалық менеджмент ұғымдары. 
Қазақстандық білім жүйесі бəсекеге қабілетті, үш тілде еркін сөйлейтін, 
еуразиялық көпмəдениетті, əртүрлі ұлт арасында тіл табыса алатын жəне 
техника мүмкіндіктерін пайдалана алатын, базалық құзыреттіліктерді 
меңгерген, өзге халықтың мəдениеті мен дəстүрін қолдайтын тұлғаны 
қалыптастыруға бетбұрыс алды. 
Қазіргі таңда жеке тұлғаның құзырлығын қалыптастыру мақсатында 
еліміздің білім беру жүйесі нəтижеге бағытталған білім беру моделіне көшті. 
Жаңа білім беру моделінің жекелеме элементтері нақты білім беру 
тəжірибесінде көрініс тапты, жаңа оқу орындары, жаңа бағдарламалар мен 
оқулықтар, білім берудің жаңа əдістері мен технологиялары пайда болды.[1] 
Бүгінгі қоғамның талабының бірі – жалпы білім беретін, бастауыш 
мектептердің 
педагогикалық 
үрдісін менеджмент негізінде 
басқару. 
Осындай өзгерістерге орай білім беру жүйесін басқару парадигмалары да 
жаңғыртылуда. 
Басқару парадигмасы (парадигма латынша paradeigma 
– үлгі)–
ғылыми концепцияға негізделген негізгі идея, ғылым дамуының белгілі 
кезеңінде ғылыми қауымдастық тарапынан қабылданған болжамдардың 
мəнін түсіндіру жəне ғылыми тану үрдісінде пайда болатын мəселелерді 
шешу үшін үлгі, модель, стандарт (қалып) ретінде пайдаланылатын 
теориялық жəне əдіснамалық ережелердің жиынтығы. Басқару тəжірибесінің 
жинақталуына байланысты басқару парадигмалары өзгеріске ұшырап 
отырады. Соңғы жылдары басқару- ұйымдастыру мəдениетіне, басқарудың 
жаңа əдістері мен қағидаларына, менеджердің көшбасшылық сапаларына 
бағытталған.Қазіргі басқару парадигмасында тиімді (рационалды) басқару 
қағидасы басшылыққа алынады. Қазіргі басқару парадигмасы: «ашық 


7
жүйенің» 
құрылуы; 
басқарудың 
əдістерін 
жетілдіру; 
басқаруды 
орталықсыздандыру; əкімшілік-орындаушылық командалардың тиімді 
түрлері, мақсатты - бағдарлы жобалау; жаңашыл-бейімді білім беру жүйесін 
басқару арқылы қарастырылады. «Ашық жүйенің» құрылуы негізінде, мектеп 
сыртқы ортаға сай бейімделіп, қаржылық, əлеуметтік, мəдени, саяси, 
ғылыми-техникалық өзгерістерге дайын болуы қажет. Мектептің сыртқы 
ортаға 
бейімделу 
жетістігі 
мұғалімдердің 
кəсіби 
біліктіліктеріне, 
шығармашылық қызметтеріне, ой- өрісінің тереңдігіне, қарым-қатынас 
мəдениетіне, билік құрылымына, басқару əдістері мен формаларына жəне 
басшының осы жұмыстарды ұйымдастыра алу құзыреттілігіне тікелей 
байланысты. Басқару əдістері ішкі жəне сыртқы орта жағдайларда таңдалып, 
жұмыстың тиімділігіне қарай қолданылады. Педагогикалық үрдіске 
қатысушылардың дербес таңдаулары арқылы шығармашылық өсуге жағдай 
жасалып, жұмыстың жаңа тəсілдері енгізілетін болады. Басқаруды 
орталықсыздандыру (децентрализация) арқылы басшы, өз міндеткерліктерін, 
əкімшілік кеңестің мүшелеріне жолдайды, ұжым боп шешім қабылдауға 
жағдай жасайды. Əкімшілік-орындаушылық командалар, қаржылық, 
əлеуметтік, психологиялық əдістерді қолдану арқылы, мектептің сыртқы 
жəне ішкі мəселелерін дербес шешетін болады. Мақсатты - бағдарлы жобалау 
қызметі маңызды мəселелер бойынша нақты іс-əрекеттерді ұйымдастыру 
жəне қалыптасқан жағдайды өзгертуді жүзеге асырады. Жобалау, нақты 
есептер, ғылыми негіздер бойынша болашақтың моделін қамтамасыз етеді, 
əсіресе ашық жүйелерде. Жобалық ойлау педагогикалық жүйелерді басқару 
парадигмасының өзгерісінде өзекті орында болып отыр.[1] Жаңашыл-бейімді 
білім беру жүйесін басқару-кəсіби саладағы, өмірде болып жатқан 
өзгерістерге, жағдайларға тез икемделу, білім беру жүйесінің бəсекеге 
қабілеттілігін арттыратын үздіксіз дамуды білдіреді.[2] 
Қазіргі кезде оқушыға білім, білік, дағдыларды беру жеткіліксіз бола 
бастады. Бүгінгі басты құндылық оқушының білімі мен білігі ғана емес, 
оның ойлау қабілетін, ақпараттық жəне қарым-қатынастық мүмкіндіктерін 
дамыту, өзінің іс-əрекетін өзі басқару тəсілдерін меңгерту. Бұл білімнің ролін 
төмендетпейді, жаңа сапалары қалыптасқан ойлау деңгейі, өз мүмкіндіктерін 
сыни бағалай жəне дамыта білуге апаратын сатылы үдерісті құрайды. Білім, 
білік, дағдыдан жоғары нəтижелер бар, ол - тұлға ресурстарындағы 
өзгерістерге негізделген білім нəтижесі. Білім алушының тұлғалық 
ресурстарын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет