Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева


ІІ кезең – индустрияның даму кезеңі



Pdf көрінісі
бет8/93
Дата13.12.2022
өлшемі1,08 Mb.
#56897
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   93
Байланысты:
pedmen1

ІІ кезең – индустрияның даму кезеңі (1776-1890 жж.). Өкілдері: А. 
Смит, Р.Оуэн, Б. Бэббидж,Э. Юр т.б. Бұл кезеңде басқарудың теориялық 


10
негіздерін іздеу бағытында өнеркəсіп иелері, ғалымдар түрлі эксперименттік 
сынамалар жүргізді. Шотланд экономисті Адам Смит (1723-1790 жж) 
менеджмент əдістерін мемлекеттік басқару саласында қолданып, мемлекет 
басшысының міндеттеріне анықтама берді жəне жұмыстың тиімділігі мен 
оны бақылау теориясының негізін қалады. Менеджменттегі реформаторлық 
идеялардың авторы Роберт Оуэн (1771 - 1858 жж.) басқа адамдардың 
еңбегінің көмегіне сүйеніп, ұйым мақсатына жету идеясын жасап, 
ынталандыру əдістерінің жұмысшылардың еңбек өнімділігін көтеру үшін 
қажеттілігін дəлелдеді. Басқару саласында алғашқылардың бірі болып 
басқару бұйрық беру емес, жеке тұлғалардың біріккен іс əрекеті, ұйым 
мақсатына жету үшін адам жəне басқа да ресурстарды қолдану екендігін 
анықтады. Ағылшын математигі, алғаш рет аналитикалық есептеу 
машинасын ойлап тапқан Чарльз Беббидж (1751-1871 жж) басқару 
теориясына ауқымды үлес қосқан, ол «Машиналар мен мануфактуралар 
экономикасы» (1832) еңбегінде еңбекті мамандыққа байланысты ақыл-ой 
жəне физикалық еңбек деп бөлу керектігін, жұмысшыға істеген еңбегіне 
қарай жалақы төлену керектігін айтты. 
ІІІ кезең – басқаруды бір жүйеге (систематизация) келтіру кезеңі 
(1856-1960 жж.) Бұл кезеңде ғылыми басқару бір жүйеге келтіріліп, басқару 
мектептері, концепциялары қалыптасты. Ғылыми басқару концепциясы, 
негізін салушы Ф. Тейлор, оның еңбектері «Ғылыми менеджмент 
ұстанымдары» (1911), «Фабриканы басқару» (1903). Ол менеджментті нақты 
заңдары мен ережелері, принциптері, жоспарлауы бар ғылым ретінде 
қарастырды. Ф. Тейлор еңбектерінің құндылығы сол оның теориясы 
бойынша өнеркəсіпті кеңейту, жұмысшылардың еңбегін ынталандыруды 
жетілдіру арқылы еңбек өнімділігін арттыру. Ф. Тейлор жəне оның 
қолдаушылары еңбек операцияларына талдау жасай отырып, оны 
жетілдірудің түрлі əдістерінің негізін қалады. [1] Фредерик Уинслоу Тейлор 
(1856-1915 жж) - американдық инженер, менеджмент пен еңбекті 
ұйымдастырудың ғылыми негізін қалаушы, еңбекті ғылыми басқару жүйесі 
кейіннен Тейлоризм деп аталды. Ф. У. Тейлордың айтуы бойынша: ғылыми 
басқарудың басты идеясы- əр адамның іс əрекеті ғылыми негізде құрылуы 
керек, соған сай əр қызметкерді қажетті дағдыларды меңгерту үшін оқыту 
керектігін айта отырып, ғылыми басқарудың келесі принциптерін ұсынады: 
орындалған əрбір жұмыс ғылыми тұрғыдан талданса, ондай жұмысты 
орындаудың ең озық əдісі анықталатын болады;кез келген жұмысты орындау 
үшін кəсіби маман керек, ол үшін қызметкерлердің білімін көтеру керек; 
қызметкер еңбегін ынталандыру арқылы еңбек өнімділігінің артуына, 
шығармашылықпен еңбек етуге, еңбекке деген құлшынысты, белсенділікті 
туғызуға жағдай жасалады; менеджерлер жеке адамдармен серіктес болғанда 
ғана жұмыс ғылыми негізде орындалады; менеджерлер мен қызметкерлердің 
жауапкершілігі жоғары болуы тиіс. Менеджер жұмыстың күрделі түрін 
орындайды: жоспарлау жəне бақылау, ал белгіленген мақсаттың жүзеге 
асуын қызметкерлер орындайтын болады. 


11
Тейлор өз жүйесінің мəнін білім арқылы басқару, еңбектегі 
үйлесімділік, серіктестік, əр жұмысшының жағдайын жасау екендігін жəне 
өнеркəсіптегі билікті сол сала бойынша маманданған адам (менеджер) жүзеге 
асыру керектігін айтты. [4]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет