4
Кіріспе
Педагогикалық менеджмент - мектеп
жұмысын басқарудың мазмұны
мен əдістері, оқу-тəрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру туралы педагогика
ғылымының бір бағыты ретінде, білім берудің жаңа парадигмасы мен
басқару теориясының дамуына байланысты қайта жаңғыртылуда. Білім беру
жүйесін
жетілдіру, ең алдымен оның сапасын арттыру – мемлекеттің таяу
онжылдықтағы басты басымдықтарының бірі болып табылады. Білім беру
жүйесін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы, Назарбаев Зияткерлік
мектептері негізінде əлемнің алдыңғы қатарлы тəжірибесін
бойына
жинақтаған білім берудің ұлттық моделі, білім сапасы мен оны бағалау
өлшемдері, нəтижеге бағытталған басқарудың индикаторлары, критериалдық
бағалау- əлемнің үздік тəжірибесі ғана емес- сапалы оқытудың бірден бір
үлгісін дəлелдейді. Білім берудің түрлі
деңгейлерінде оқыту мазмұны,
əдістері мен құрылымдары жаңартылып, жаңа бағдарламалар мен оқулықтар,
ақпараттық-комуникативтік, интерактивтік, роботтық технологиялар кеңінен
ендірілуде. Білім беру ұйымдарында білім сапасын дамытуды, мектеп
басшылары мен педагогтардың сыни ойлау деңгейі мен педагогикалық
көзқарастарының күтілетін нəтижеге бағытталған–жаңа
өзгерістерге сай
болуын қажет етеді. Оны қамтамасыз ету мектептанудың төмендегі
бағыттарын:
-
мектеп басқарудың дəстүрлі сипатын, құрылымы мен мазмұнын
жаңарту;
-
нəтижеге бағытталған білім беру мақсатына сай басқаруды ресурстық,
əдістемелік, технологиялық қамтамасыз ету үшін мектеп басшыларының
заманауи құзыреттіліктерін дамыту;
-
оқытудың субъектаралық, коллобративтік, бірлесе оқыту түрлеріне
сəйкес басқаруды корпоративтік, нəтижеге бағытталу түрінде ұйымдастыру;
-
оқыту бағдарламалары мен əдістемелерінің
өзгермелі жағдайында
педагогтардың құзыреттілігін көтеру арқылы үнемі кəсіби-əдістемелік
дамыту жолдарын қамтамасыз етуді айқындайды.
Мектеп басшылары өзгерістердің неліктен қажет
екенін түсінуі үшін,
біріншіден, білім берудің құндылықтары мен күтілетін нəтижелерін терең
зерделей білуі тиіс,
екіншіден, сол құндылықтар мен нəтижелерді
қамтамасыз ету үшін мектепте нені өзгерту керек, ол үшін қандай əрекеттер
мен жобаларды іске асыруға болатынын,үшіншіден, өзгерістерді жоспарлау
жəне орындау барысында ол өзгерістер немен өлшенеді,
оның тиімділігі
қалай бағаланатынын алдын-ала айқындап, оны қадағалай білуі тиіс. Осы
жүйелі өзгерістерді түсіну жəне оны орындау мектеп басшыларының
өздерінің кəсіби құзыреттілігін дамытуды,
олардың өз ұйымында қызмет
ететін педагогтардың кəсіби шеберлігін дамытуға даярлығын талап етеді.
Педагогикалық менеджментте басқару неғұрлым сапалы болса, соғұрлым
үрдістің сапасы артады.