110
жəне ұйымның мақсатына жету бағытында оларға əсер етуі.
Басшылықтың кең
тараған теориясының бірі неміс психологы
К. Левиннің (1938г.) ұсынған
теориясы. Ол басқарудың үш стилін қарастырады:
Авторитарлық стиль (директивтік) басшының рөлін шектен тыс
көбейтумен байланысты,өкіметті орталықтандырумен, өзі басқарумен
сипатталады. Басшының қолында өз еркін атқарушыларға таңу үшін билік
жеткілікті болғандықтан, ол керек жағдайда көп ойланбастан өктем стильге
жүгінеді. Басшылықтың бұл стиліне бағыныштыларға шектен тыс талап қою
арқылы олардың бастамасы мен дербестігін шектеу тəн. Басшылық түсіндіру
жəне сендіру əдістері арқылы емес, мəжбүрлеу арқылы жүзеге асырылады.
Өкінішке орай, бүгінгі жас көшбасшылардың көбі осылай ойлағандықтан
өктем стильді таңдайды. Бірақ бұл стильдің тиімділігі білікті қызметкерлердің
үлкен ұжымы болған жағдайда төмен болады, сондықтан оны
шығармашылықпен жұмыс жасамайтын қызметкерлердің контингетімен
жұмыста қолдануға болады. Басшы оған ұжымдағы барлық жағдайдарды
баяндауды талап етіп, өзі шешім қабылдайды, немесе оның күшін жояды.
Ұжымның пікіріне құлақ аспайды, ұжым үшін шешімді өзі қабылдайды.
Басқаруда бұйрықтар, жазалаулар, ескертулер, сөгістер, əртүрлі жеңілдіктерді
алып тастау əдістеріне басымдық беріледі. Бақылау бағыныштылардың
бастамасын жоятын өте қатаң жəне егжей-тегжейлі болады. Жұмыс мүддесі
адамдардың мүддесінен жоғары қойылады, қарым-қатынаста үзілді –
кесілділік, дөрекілік орын алады. Авторитарлық стиль ұжымдағы моральдық -
психологиялық
ахуалға
жағымсыз
əсер
етеді,
қызметкерлердің
бастамашылығын, өзін – өзі бақылауын жəне жауапкершіліктерін едəуір
төмендетеді. Веснин В. Р. авторитарлық əдістер ұйым қызметінің ортақ
мақсаты мен міндеттерімен байланысты еш түсініктеме берместен басшының
бағыныштыларға бұйрық формасында тапсырмалар беруіне негізделетінін
айтады. [14]
Достарыңызбен бөлісу: