105
Жүзеге
асыру
кезеңі
Жобаны жүзеге асыру жолдары, оны байқаудан өткізу орындалады.
Нəтижесі –жүйенің жаңа сапаға өткендігін назарға алу.
Қорытынды кезең. Эксперименттік байқаудың сапалық нəтижелерін бағалау; жобаның
тиімділігін тəуелсіз эксперттердің бағалауы; пайда болған
проблемаларға сыни рефлексия жасау; жобаның нəтижелерін
қорытындылау, түзетулер енгізу.
Жобалау негізінде педагогикалық ұжымның ойлау жəне мақсат
қоюында, мотивациялары мен құндылықтық ұстанымдарында қалыптасқан
түсініктері өзгереді, бұл іс – əрекет дағдыларын өзгертуге əкеледі.
Мектеп аясында педагогтың кəсібилігін дамытуға бағытталған
мақсаттық - бағдарлы жобалау əдісін қолдану тиімді болады. Бұл əдіс əр
адамның ұжымдағы ролі мен жауапкершілігін арттыруды көздейді. Соған
орай, иерархиялық – жоғарыдан төмен қарай басқару жүйесінің орнына
жобалық командаларға негізделген өзара желілік байланыста болатын шағын
топтар құрылды. Бұл жағдайда қатаң бақылаудың орнына педагогикалық
қызметкерлердің өзіндік тəртіпке, тапсырылған істі орындауға деген
мотивациялық - стимулдық орта тудырылды. Қатаң бақылау мен əкімшілік
əрекеттер қолдау көрсету, бірлесе орындау, нəтижені өзіндік бағалау
əрекеттерімен ауыстырылады.
Мақсаттық - бағдарлы
жобалау
технологиясы
ұйымдастыру
əрекеттерінің жаңа түрін қалыптастырады, оларға тəн ерекшеліктер: жаңа
қажеттіктерді қанағаттандырады; проблемалардың шешімін табу жолдарында
дəстүрлі тұрғыға қарағанда елеулі айырмашылықтар болады; дамытушылыққа
бағытталады.
Жоба
барысында
қатысушы
педагогтардың
желілік
ойлау,
шығармашылық белсенділік, топтық (командалық) бірлестіктерде жұмыс істеу
дағдылары қалыптасады. Педагогтар жобалау арқылы өзекті проблемаларды
анықтау, мақсат қою, мақсатты жобалар құрастыру, жүзеге асыру, нəтижесін
талдау жəне бағалауға үйренеді. Мақсаттың айқын болуы кез – келген
əрекеттің ең басты тетіктерін анықтап, соған күш салуға мүмкіндік береді.
Тəжірибеде жиі кездесетін оқыту мен тəрбиелеудегі қиындықтар негізінен
педагогикалық əрекеттердің мақсатын нақты қойылмауынан болатыны белгілі.
Өзекті тақырыптар бойынша мақсаттық - бағдарлы жобалауды жүзеге
асыру педагогтардың үйреншікті іс - əрекеттері мен қажеттіктеріне өзгерістер
ендіреді. Өйткені, жобалау барысында олар тек əрекетті жоспарлау, бақылау,
бағалау ғана емес, шығармашылық белсенділіктерін көтеру, жүйелі ойлауға
үйрену қызметтерін атқаруы тиіс болады.
Мақсаттық - бағдарлы жобалау технологиясы адамдардың өз бетімен
білім алуы мен өзін өзі дамытуға жұмылдыра алады, сонымен қатар, аталған
сапалар жалпы ұжымжы, мектепті жаңа өзгерістерге негіз болады.
Достарыңызбен бөлісу: