100
Өткізу кезеңдері
Коуч
іс-
əрекеті
Қатысушылар іс- əрекеті Ресурстар
Бір- бірімен байланысты, қойылған мақсатқа жетуге бағытталған
бірнеше коучинг-сессиялардын орта мерзімді жоспарын құрастыру тиімді
болады.
Коучинг - сессиялардың орта мерзімді жоспарының үлгісі
Коучингтің жалпы мақсаты
Тақырыптар
ы
Өткізу
уақыты
Коуч
Коучингке
қатысушыла
р
Күтілетін
нəтижелер
Табыстылық
өлшемдері/
Қалай білесіз?
1.
2.
3.
4.
5.
Барлық мақсаттарға жету үшін критерийлер (бағалау жоспары)
Іс- əрекет жоспары жасалғаннан кейін, коуч өзінің қатысушысына
жұмыстың жаңа стратегияларының тиімді көрсеткіштерін анықтаулары қажет.
Коучтың міндеті – дедукция əдісін қолдануды үйрету, əрине коуч техникасын
беру. Осындай жолмен, тапсырманы шешудің өзіндік жұмыс үрдісін, «ол үшін
емес, онымен бірге» - коучинг технологиясын қолдана отырып құруға
итермелейді. Тыңдаушылар коучингтің көмегімен альтернативалық шешім
іздейді, тың жолдарды жүзеге асыруға көмектеседі.
Іс – əрекет кезеңі коучинг –сессияны өткізу əрекеті. Коучтың əрекеті
мақсатқа жету жəне тыңдаушылардың потенциалын толығымен ашу болып
табылады. Ол қатысушыларды мақсатқа жетуге ұйымдастырушылық əрекеттер
арқылы бағыттайды, дұрыс сұрақтар қоя отырып əңгімелеседі, тақырыпқа
қатысты аспектілерді талқылайды. Ойға түрткі салады, нақты бағыттағы
ойлары мен сезімдерін бағыттайды, əрбір адамның өзіндік потенциалын,
мүмкіндіктерін жүзеге асырады. Коуч іс-əрекеттің дайын жоспарын
ұсынбайды, əркімге өзінің жеке жоспарын құруға шақырады. Сабақ үдерісінің
этикалық нормасы бағалаусыз талқылау болып есептеледі, яғни, коуч-педагог
ешқашан да ненің жақсы, ненің жаман екенін айтпайды; оның орнына ол
жетістікке жетуге жететін нəтижені ажыратуға жəне анықтауға көмектеседі.
Сөйтіп, əрбір тыңдаушыны белсенді түрде мақсатқа бағыттай отырып,
басынан аяғына дейін жетелейді.
Достарыңызбен бөлісу: