АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 арқылы баланың сана-сезімі, кҽсіп таңдауы, ақыл-ойы жетілетіні кҿрсетілген
[2].
Қазіргі уақытта ұлттық сана-сезімді қалыптастыру жолдары білім
берудегі ҿзекті мҽселелердің бірі болып табылады. Халықта «Балаңды ҿз
тҽрбиеңмен тҽрбиелеме, ҿз ұлтыңның тҽрбиесімен тҽрбиеле» деген мақал бар.
Ұлттық сана-сезімнің қалыптасу деңгейінен адамның ана тіліне, ұлттық
мҽдениеті мен тарихына, елімен жеріне деген сүйіспеншілігі, азаматтығы
кҿрінеді. Ҿз елін, ұлтын қадірлейтін адам басқа ұлтты да, елді де құрметтей
алады[3].
Сыныптан тыс жұмыстар жасаймыз. Сыныптан тыс жұмыстар деп
мұғалімнің оқушылармен сабақтан бос уақытта жүргізетін жұмыстар жүйесін
ұлттық-мҽдени жұмыстарды екі топқа бҿлуге болады.
1. Бағдарламалардағы материалдарды толық түсінбеген оқушылармен
жүргізілетін жұмыстар.
2. Қабілеттері жоғары, қызығушылықтары мол оқушылармен
жүргізілетін жұмыстар.
Оқушыларды тҽрбиелей оқыту барысында дамыту – бүгінгі
педагогиканың ең кҿкейкесті мҽселелерінің бірі [4]. Себебі, шҽкірттердің
ойлау дербестігі іске асырылмаса қазіргі ғылыми-техникалық прогресс
қарқынының жылдамдығы мен жастардың білім игеру қабілеті арасында
алшақтау туады.
Нҽтижесінде:
- Балалар ҿз ойларын еркін жеткізеді.
- Логикалық ойлауды дамытады.
- Тіл байлығы, сҿз қоры дамиды.
- Ҿлең құрастыра біледі.
- Сҿзді дұрыс байланыстыра сҿйлейді.
Тҽрбие жұмысы барысында балаларға жаңа білім беріліп, шығарма
мазмұнын қабылдаумен, оларды ҽңгімелеп айтып берумен, шығармашылық
кҿрсете отырып кейіптендірумен байланысты іс-ҽрекет пайда болады.
Оқу мен тҽрбие – егіз. Ұстаздың тҽрбие үрдісінде шешуші рҿл
атқаратындығын барлығымыз жақсы білеміз. Ұлы педагог Ушинский
«Тҽрбиенің қайнар кҿзі тек адамның жеке басылық ҿнегесіне негізделген» -
дегені белгілі. Ал ғұлама Ҽл-Фарабидің жас ұрпаққа тҽлім-тҽрбие беретін
адамды ҿте жоғары бағалап, оны «мҽңгі нұрдың қызметшісі» - деп атауы
бекер емес. Бүгінгі жасҿспірімдердің адам болып қалыптасуында мұғалімдер
қауымының атқарар еңбегі орасан зор.