АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 баулитын ырым-тыйымдары, тағы басқалар. Олар арқылы халық ұл-қызын
күллі жаман ҽдеттен тыйып, ең жақын нышандарға үндеген.
Баланың бойына ақыл мен адалдық ананың ақ сүтімен егілсе, мҽдениет
пен даналық, білімділік пен кҿрегендік ұстаздың ерен еңбегімен дарып,
саналы азамат болуға жетелейді.
Адамның ҽрбір сҿйлеген сҿзі мен істеген тірлігі ҿзінің жүрегінің,
кҿңілінің бет пердесіндей жан дүниесінің қаншалықты тазалығын аңғартады.
Бала бойына қандай да бір жақсылықтың нҽрін себуде дана
халқымыздың қалдырған ҽрбір мақалдары мен нақыл сҿздері ерекше ықпал
етеді.
"Ҽке кҿрген оқ жонар, шеше кҿрген тон пішер".
"Бірлік бар жерде - береке бар".
"Бақ қайда барасың, ынтымаққа барамын".
"Арсыз анасын да сатады".
"Атадан бала туса игі, ата жолын қуса игі".
Үлкен философиялық ой мен толғанысты небҽрі екі сҿйлемге сыйдырып,
адам жанына жағымды етіп жеткізу қазақ халқының тек ҿзіне ғана кҿрегендік
мінезі.
Отанға, ата-анаға, туған жер мен туған тілге деген махаббат, еңбек, ҿнер,
білім, ғылымға деген қызығушылық тҽуелсіз еліміздің ертеңі болар бүгінгі
жас ұрпаққа ауа мен судай қажетті тҽрбие болып саналады.
Мен ҿзімнің сыныптан тыс тҽрбие іс-тҽжірибелерім мен сабақ үлгілерін
ендіріп отырмын.
Мағжан Жүмабаевтың «жалпы педагогика» ғылыми еңбегіндегі «Ҽр
тҽрбиешінің қолданатын жолы – ұлт тҽрбиесі. Ҽрбір ұлттың бала тҽрбиелеу
туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тҽрбиесі баяғыдан бері
сыналып, кҿп буын қолданып келе жатқан тақтай жол болғандықтан, ҽрбір
тҽрбиеші, сҿз жоқ, ұлт тҽрбиесімен таныс болуы тиісті. Жҽне ҽрбір ұлттың
баласы ҿз ұлтының мүддесі ҿз ұлтының дамуы үшін қызмет ететін
болғандықтан, тҽрбиеші баланы сол ұлт тҽрбиесімен тҽрбие қылуға міндетті»
деген ойлары жаңа білім беру жүйесінде ұлттық рухты жоғалтпаудың айқын
жолын сілтейді.
Адам тҽрбиесі – үдемелі қозғалыспен жүріп отыратын мҽңгілік үдеріс.
Қазақтың тҽлім-тҽрбиесі тендесі жоқ даналық, қасиетті мектеп десек артық
емес. Халық педагогикасы тосыннан келген жаңалық емес, ол ежелден
халықпен бірге жасасып келе жатқан тҽлім-тҽрбие мектебі. Қай халықтың
тҽлімгерлік тҽжірибесі болмасын ол адамзат атаулыға ортақ рухани
қазынаның құрамдас бҿлігі. Қазақ халқының да мҽдени жетістіктері қанына
біткен
адамгершілік,
имандылық,
балажандық,
еңбексүйгіштік,
қонақжайлылық, отаншылдық қасиеттерін танитын тҽлімгерлік тҽжірибесі
бар. Онда кешегі ҿткен данагҿй қариялар, ғұлама ойшылдар, шешен билер,
батырлар мен ақын-жыраулардың философиялық болжамдарынының,
педагогикалық тұжырымдарының ҿшпес ізі жатыр.