Оқулық Алматы, 012 ббк 74. 04 П 15



Pdf көрінісі
бет37/72
Дата15.12.2022
өлшемі1,71 Mb.
#57486
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   72
Байланысты:
пед менеджмент

1.4.6- ТАРАУҒА ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ
Менеджерлердің үш типі бар. Алғашқылары, өздеріне 
бағыныштылар ойымызды өздері-ақ оқиды деп оларға еш ақпарат 
бермейді. Екіншілері, телепатия жоқ, ал бағынышты адамдар тек өз 
жұмысын атқаруға жəне сұрақтарды аз қойып, аузын берік ұстау ке-
рек деп біледі. Тек үшіншілері, менеджер білетін ақпарат тек оған ғана 
емес, сонымен бірге оның барлық бағынышты адамдарына маңызды 
екендігін түсінеді.
Мен жұмыс істеген барлық компанияларда кері байланыспен 
үлкен проблема бар (менің ойымша, əлі де бар). Əрине, істің барлығы 
нақты адамдарда. Кейбір менеджерлерде туа біткен коммуникативтік 
қабілеттер бар, басқалары болса кері байланыс не үшін керектігін 
біледі. Бірақ қалғандары ...
<...>
Қорытындылар. 
Кері байланыс өте маңызды. 
Кері байланысты бірден беру керек керек. <...>
Өздеріңіздің қызметкерлеріңізге оларды не үшін 
марапаттайтындарыңызды айтыңыз. <...>
Өсектер сіздердің компанияларыңызды құлатуы мүмкін. Бұған жол 
бермеңіз – өздеріңіздің адамдарыңызды хабардар етіп отырыңыз.
Давыдов С. Не мешайте мне работать
 // (motivateme.ru/book).


109
1.4.6-ТАРАУҒА СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1. Қатынасу құрылымында қандай тараптар бөлінуде?
2. В. А. Якуниннің пікірі бойынша, ақпарат басқаруда қандай рөл 
атқарады?
3. Басқару сапасы үшін еркіндік дəрежелерінің шектеуі жəне 
олардың біреуін таңдау қандай мəнге ие?
4. Коммуниканттар мен реципиенттер əлеуметтік коммуникацияда 
қандай мақсаттарды ұғына отырып қудалайды?
5. Осы мақсаттарды сипаттаңыз. Қатынасудың əртүрлі салала-
рында олардың белгіленуінің ерекшеліктерін қараңыз: 1) тұрмыстық 
қатынаста, 2) оқу үдерісінің аясындағы қатынаста, 3) кəсіптілік 
қатынаста.
6. Оқушылар мен педагогтарды психологиялық диагносттау 
нəтижесінде мектеп психологы алған ақпараттар мектепті басқаруда, 
оқу-тəрбие үдерісін жетілдіруде қалай қолданылуы мүмкін?
1.4-ТАРАУҒА СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1. Б Қосымшасында педагогикалық кеңес қызметінің типтік 
ережелерін зерделеңіз. Оның жұмысында мектепті басқарудың негізгі 
жəне қосалқы функциялары қалай жүзеге асырылатынын сипаттаңыз.
2. Əдебиет бойынша оқушының құзыреттіліктерімен (оның 
ішінде өзіндік менеджмент құзыреттіліктерімен) танысыңыз. Осы 
материалдың негізінде оқу үдерісінде менеджменттің жоғарыда 
сипатталған функцияларын жүзеге асыратынын, өз оқу қызметімен 
басқаратынын ашыңыз.
3. Автордың басшылығымен мектептердің оқу меңгерушілері үшін 
дайындалып жүргізілген семинарда Өскемен қаласының №42 орта 
мектеп директорының орынбасарлары менеджменттің əртүрлі əдістері 
бойынша материалдар ұсынған болатын (2-кестені қараңыз). Осы мате-
риалмен танысыңыз, əр функцияға қатысты менеджменттің бір əдісін 
таңдаңыз. Əдістердің мəнін жəне оларды жүзеге асыру техникасын 
ашатын хабарламаны дайындаңыз.
4. Сіз менеджменттің (өзіндік менеджменттің) қандай əдістерін 
игергеңізді анықтаңыз. 5-кестенің мысалы бойынша кесте құрыңыз, 
сіз қолдана алатын əдістерді сипаттаңыз.


110
5-кесте. Менеджменттің əдістері мен тəсілдері
Менеджмент 
функциясы
Əдістер мен тəсілдердің 
түрлері
Қол жеткізілетін нəтиже 
(...есебінен тиімділікті 
арттыру)
1. Жоспарлау, 
оның ішінде 
мақсаттарды қою 
Оқиғалық талдау, 
мақсаттық стратегия-
лар, «швейцар сүзбесі», 
«Альпі» əдісі
Əлсіз жақтарын 
анықтау жəне жою, 
артықшылықтарды тану, 
күштерді шоғырландыру, 
оңтайлы бөлу жəне 
уақытты жоспарлау
2. Уəждеу жəне 
ынталандыру
Ауызша мақтау, құрмет 
тақтасына енгізу, алғыс 
айту, еңбек жағдайларын 
жақсарту, өкілеттіліктерін 
кеңейту, сыйақы беру
Ішкі уəждерін да-
мыту, еңбек 
өнімділігін жақсарту, 
қызметкерлердің 
ниеттестігін 
қалыптастыру, еңбек 
құндылықтарын қабылдау
3. Ұйымдастыру
Күн тізбесі, өнімділік 
кестесі, күндізгі жұмыс 
жоспары
Маңызды міндеттерде 
шоғырлану, өнімділік 
шынын пайдалану, 
жеке жұмыс стилінің 
қалыптасуы
4. Бақылау
Алға қойылған 
мақсаттарға жетуін 
талдау, өткен күннің 
қорытындыларын шолу 
(өзіндік бақылау), сапа 
үйірмелері
Жоспарланған 
нəтижелерді қамтамасыз 
ету, өмір ағысына оң 
ықпал ету
5. Шешімдерді 
қабылдау
Басымдылықтарды орнату, 
Паретто қағидаты, АВС 
талдауы, Эйзенхауэр 
қағидаты, өкілеттіліктерге 
құқық беру
Өмірлік маңызды 
проблемалардың бірінші 
кезекте шешілуі, істерді 
олардың маңыздылығы 
бойынша реттеу, 
шұғылдылық «індетінен» 
айырылу, еңбек 
шығындарының өнімділігі
6. Ақпарат жəне 
коммуникация
Ұтымды кеңестер, 
келісімдерді ұтымды 
жүргізу, телефонды 
ұтымды пайдалану, жады-
парақшалары мен форму-
лярлар
Жылдам оқу, кеңестер мен 
конференцияларды жақсы 
ұйымдастыру, сұхбаттасу 
үшін уақыт бөлу


111


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет