Оқулық Алматы, 012 ббк 74. 04 П 15



Pdf көрінісі
бет40/72
Дата15.12.2022
өлшемі1,71 Mb.
#57486
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   72
Байланысты:
пед менеджмент

1-ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ
…Өнімнің төрт жалпы санаты бар: қызметтер, бағдарламалық 
құралдар, техникалық құралдар, өңделетін материалдар.
Өнімнің көптеген түрлерінде өнімнің əртүрлі жалпы санатта-
рына жататын элементтер бар. Өнімді қызметтерге, бағдарламалық 
құралдарға, техникалық құралдарға, өңделетін материалдарға 
жатқызу басымды элементке байланысты. Мысалы, «автомобиль» 
деген жеткізілетін өнім техникалық құралдардан (мысалы, шина-
лардан), өңделетін материалдардан (мысалы, жанар-жағармай, су-
ытатын сұйықтық), бағдарламалық құралдардан (қозғалтқышпен 
бағдарламалық басқару, жүргізушіге нұсқаулық) жəне қызметтерден 
(сатушымен берілетін пайдалану бойынша түсініктемелер). 
…Қызмет міндетті түрде жеткізушінің жəне тұтынушының өзара 
əрекетінде жүргізілетін, кем дегенде, бір əрекетінің нəтижесі болады, 


118
ол əдетте, материалды емес. Қызмет мыналардан тұру мүмкін:
– тұтынушы жеткізіп берген материалдық өнімге жұмсалған қызмет 
(мысалы, жөндеуді қажет ететін автомобиль);
– тұтынушы жеткізген материалдық емес өнімге атқарылған 
қызмет (мысалы, салық көлемін анықтау үшін қажетті табыстар тура-
лы өтініш);
– материалдық емес өнімді ұсыну (мысалы, білім беру мағына-
сындағы ақпарат);
– тұтынушылар үшін ыңғайлы жағдайларды жасау (мысалы, 
қонақүйлер мен мейрамханаларда).
Сапа менеджмент жүйелері. 
Негізгі қағидалары жəне сөздік: ISO 9000:2008.21 c.
2-ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік
университеттің
САПА САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТЫ
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ бəсекеге қабілетті оқу, оқу-
əдістемелік, ғылыми, ақпараттық жəне материалдық базасы бар, сол 
сияқты қатар, жоғары білікті педагогикалық кадрларға ие еліміздің 
жетекші білім орталықтарының бірі.
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік 
университеті жаһандану дəуірінде жаңа көзқарасты бəсекеге қабілетті 
қазақстандықтарды тəрбиелеу мақсатымен жаңа ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды жəне қашықтықтан оқыту-
кредиттік жүйесін енгізу арқылы университеттің əлемдік, ғылыми жəне 
ақпараттық қоғамдастығына шоғырлану жағдайларында ұсынылатын 
білім беру қызметтерінің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың сапа саласындағы саясаты 
2008 жылы 6 қазанда Ғылыми Кеңесте қабылданған университет стра-
тегиясынан туындаған, Университетте атқарылатын барлық үдерістерді 
жəне олардың өзара байланыстарын үздіксіз жақсарту жəне жетілдіру 
арқылы білім берудің барлық қатысушыларын сапалы білім беру 
қызметтерімен қамтамасыз етуге бағытталған.
Университет басшылығы, сапаның (TQM) жалпы менеджментінің 
қағидаттарына өзінің жолын ұстаушылығын көрсету мақсатымен, 
сапа саласындағы ұзақ мерзімді саясатын ресми жариялап, сапа 
менеджменті жүйесін құру, енгізу жəне үнемі жақсартуында жəне оның 


119
ИСО 9001:2000 заманауи халықаралық стандарттарына сəйкестігін 
қамтамасыз етуде көшбасшы рөлін алады.
Университет қызметкерлері барынша сапаны басқару қызметіне 
жұмылдырылған. Өкілеттіліктерге құқық беру, жалпы мақсаттар 
үшін командалық жұмыс, үнемі оқыту, еңбек жағдайларына назар 
аудару, табыстылықтар мен жетістіктерді мойындау – Университет 
мақсаттарын жүзеге асырудың негізгі факторлары.
СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1. Жоғарыда келтірілген білім сапасының анықтауын салыстыры-
ңыз. Осы анықтамалардың жетістіктері мен кемшіліктерін көрсетіңіз. 
Осы терминнің өз дефиницияңызды тұжырымдаңыз.
2. Сапаның философиялық жəне «өндірістік» түсінігін 
салыстырыңыз. Жалпы жəне əртүрлі сипаттамаларын айырыңыз. 
3. TQM қағидаттары туралы мəліметтердің негізінде (1-Қосымша 
материал) олардың білім саласында пайдаланылу мүмкіндігін 
негіздеңіз. Осы қағидаттарға сəйкес қызметті ұйымдастыру білім беру 
қызметтерінің сапасына, білім алушылардың БЕД сапасына қалай əсер 
ететінін қадағалаңыз.
4. Сапа менеджментінің жүйесінің, Негізгі ережелері жəне сөздіктің 
стандарттары ережелеріне сай:: ISO 9000:2008. 21 б. стандартының 
қағидаттарына сəйкес (2 ҚОСЫМША МАТЕРИАЛЫН қараңыз) білім 
беру мекемесі өнімінің қайсысы: қызметтерге, бағдарламалық құралдарға, 
техникалық құралдарға, өңделетін материалдарға жататынын анықтаңыз.
5. Қандай да болсын өнімді осы санаттардың біріне жатқызғанда 
қай элемент басымдылықта болады?
6. С. Аманжолов атындағы ШҚМУ сапа саласындағы саясатының 
тұжырымдамасын басқа ЖОО-ның ұқсас құжатымен салыстырыңыз 
(2-Қосымша материал). Жалпысын жəне əр түрін табыңыз.
7. Осы білім беру мекемесінің сапа саласындағы саясаты ондағы 
оқу-тəрбие үдерісінің ұйымдастырылуына, студенттердің оқуы мен 
тəрбиесіне тиімділігіне қалай ықпал ететінін анықтаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет