Э. К. Идрисова бас редактордың орынбасары, ету оқу және ғылыми қызмет


Еуразия технологиялық университетінің Хабаршысы. 2021. №2



Pdf көрінісі
бет45/96
Дата15.12.2022
өлшемі1,36 Mb.
#57549
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   96
Байланысты:
Вестник-№2-2021

Еуразия технологиялық университетінің Хабаршысы. 2021. №2 
48 
отырып жасау 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға 
жазаланады. 

207 бап. Ақпараттық жүйенің немесе телекоммуникация желілерінің 
жұмысын бұзу қасақана әрекеттері немесе әрекетсіздігі үшін 2000 АЕК-ке дейінгі 
мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 2 жылға дейінгі 
мерзімге бас бостандығын шектеу, не 2 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір 
лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра 
отырып немесе онсыз, сол мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.

256 бап. Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария 
түрде шақыру мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас 
бостандығынан айыруға жазаланады.

274 бап. Қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың 
құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен 
қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін туғызған көрінеу жалған 
ақпарат таратқаны үшін 5000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол 
мөлшерде түзеу жұмыстары не 2 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас 
бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру қаупі төнеді.

373-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін - Елбасын 
көпшілік алдында қорлауға және оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзгедей қол 
сұғуға 3000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу 
жұмыстарына не 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол 
мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

375, 376, 378-бап. ҚР Президентінің, ҚР Парламенті депутатының, билік 
өкілінің абыройы мен қадір-қасиетіне қол сұғу ҚР Президентін қорлау 3000 АЕК 
дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 3 жылға 
дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан 
айыруға жазаланады. Депутатқа қатысты-2000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл 
салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 2 жылға дейінгі мерзімге бас 
бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 
Билік өкілін қорлағаны үшін 300 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол 
мөлшерде түзеу жұмыстары, не 240 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға 
тарту, не 75 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу көзделеді. Бұл ретте олардың 
қызметі туралы сын тұрғысында айтылған жария сөздер қылмыстық жауаптылыққа 
әкеп соқпайды.
402 бап. Сот заңсыз деп таныған ереуілге қатысуды жалғастыруға 
арандатушы әрекеттер мұндай бұзушылықтар 1000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде 
айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 1 жылға дейінгі мерзімге 
бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға 
жазаланады, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен 
айналысу құқығынан 1 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет