Еуразия технологиялық университетінің Хабаршысы. 2021. №2
63
алдыңғы қатарлы елдер санатына қосылу үшін, тұрақты экономикалық өсуді және
экологиялық тиімді өндірісті қамтамасыз ету үшін «Қазақстан Республикасының
Индустриялды-инновациялық дамуының 2020-2025 жылдарға арналған ұзақ
мерзімді стратегиясын» қабылдады және ол алғашқы жылдан бастап оң нәтижелер
бере бастады. [3]
Индустрияландыру жылдарында өңдеу өнеркәсібі өнімдерін шығару өсімінің
озыңқы
қарқынына қол жеткізілді, Еңбек өнімділігі 1,3 есе өсті, сала
кәсіпорындарының негізгі капиталына инвестициялар ағыны 2,1 есе ұлғайды.
Қазақстанда бұрын өндірілмеген 500 жаңа өнім түрлерінің өндірісі игерілді:
жүк және жолаушылар вагондары, электровоздар, жүк, жеңіл автомобильдер мен
автобустар, трансформаторлар, рентген аппаратуралары,
жарықдиодты шамдар,
титан құймалары мен слябтары, дәрілік заттар, сүт өнімдері және басқалар.
Қазақстанда өндірілген және сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілетті тауарлар саны
артты, оның ішінде: бу турбиналары,
мыстан жасалған бұйымдар, радиаторлар,
аккумуляторлар, сусындар, кондитерлік өнімдер және т. б.
Қазақстанда бүгінгі таңда инновацияларды дамыту және инновациялық
экожүйені құру, ғылымды қажетсінетін экономиканы құру бойынша айтарлықтай
жұмыс жүргізілуде. Мәселен, Қазақстан Республикасының ұлттық даму жоспары,
Цифрлық Қазақстан, Қазақстан Республикасының
индустриялық-инновациялық
дамыту мемлекеттік бағдарламалары іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады.
2019 жылдың қорытындысы бойынша елдегі кәсіпорындардың инновациялық
белсенділік деңгейі 11,3%-ды құрап, өсімді көрсетті. Салыстырғанда, 2018 жылы
көрсеткіш 10,6% -ға, ал бір жыл бұрын-9,6% - ға тең болған.
2018 жылмен салыстырғанда 2019 жылы Қазақстанда инновациялық өнім
көлемі 4,7%-ға өсіп, 1 113,6 млрд. теңгені құрады, бұл ретте оның ЖІӨ-нің жалпы
көлеміндегі үлесі 1,60% -ды құрайды. «Инновациялардың жаһандық индексі»
рейтингінде Қазақстан өз позициясын 77 - орынға дейін жақсартты (2019 жылы 79
орын). Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік
индексінің деректері бойынша Қазақстан 2019 жылы «Инновациялық әлеует»
факторы бойынша 95-орынға ие болды (2020 жылы бағалау жүргізілген жоқ).
Сонымен қатар, 2020 жылы Қазақстан "Bloomberg Innovation Index" рейтингіне
(топ-60 ел) оралып, 59-орынға ие болды.
Инновациялық тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің үлесін
арттыру жөніндегі жұмысты жүйелеуге және
технологиялық кәсіпкерлікті
дамытуға жәрдемдесуге қажетті заңнамалық және институционалдық негіз,
инфрақұрылым жасалды. Үздік халықаралық тәжірибе негізінде заңнаманы
жетілдіру бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде.
Тұтастай алғанда, өнеркәсіптік саясат туралы заң шеңберінде технологиялық
даму саласында алынған тәжірибені жүйелі түрде кеңейту үшін өнеркәсіптің басым
бағыттарының стратегиялық және ұзақ мерзімді технологиялық дамуын
қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін заңнамалық
бастамалар Парламентке
ұсынылды және жіберілді. Ол үшін өнеркәсіптің барлық салаларында
технологиялық форсайттарды жүргізу арқылы негізгі технологиялар айқындалып,
технологиялық құзыреттер орталықтары, технологиялық платформалар құрылып,