Еуразия технологиялық университетінің Хабаршысы. 2021. №2 64
нысаналы технологиялық бағдарламалар әзірленуі ұсынылды. Мысалы,
"Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы" АҚ, "Инновациялық
технологиялар паркі" дербес кластерлік қоры, "Бәйтерек "Ұлттық басқарушы
холдингі" АҚ еншілес ұйымы "QazTech Ventures" АҚ сияқты инновацияларды
мемлекеттік қолдауды дамыту институттары жұмыс істейді, Дүниежүзілік Банктің
"Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасы іске асырылуда.
2020 жылдың соңында Дүниежүзілік Банктің "Өнімді инновацияларды
ынталандыру" жобасы тағы 2 жылға ұзартылды, бұл технологиялық
консорциумдарды дамытуға, құзыреттер орталықтарын құруға және инновациялық
бағдарламаларды іске асыруға шамамен 5 млрд. теңге көлемінде қаражат тартуға
мүмкіндік береді. Бұдан басқа, бастапқы сатыларында жеке венчурлік капиталды
ынталандыру үшін отандық венчурлік ерте қаржыландыру қорын құру үшін
Дүниежүзілік банкпен уағдаластықтар ұзартылды, оның жалпы сомасы шамамен
20 млн. АҚШ долларын құрайды.
Инновациялық саланың жекелеген бағыты инновациялық гранттар беру болып
табылады. Бұл механизм индустриялық-инновациялық қызметін мемлекеттік
қолдау туралы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 24-тарауында
бекітілген. Инновациялық грант деп инновациялық гранттар берудің басым
бағыттары шеңберінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне
олардың индустриялық-инновациялық жобаларын іске асыру үшін өтеусіз негізде
берілетін бюджет қаражаты түсініледі. Барлығы 312 жобаға инновациялық
гранттар берілді, оларды іске асыру нәтижесінде шамамен 4 мың жұмыс орны
құрылды, 223,7 млрд. теңгеге инновациялық өнімдер шығарылды, 16,8 млрд. теңге
сомаға салықтар төленді.
Сондай-ақ, қолданыстағы заңнама бойынша жер қойнауын пайдаланушылар
инновациялық жобаларды қаржыландыруға олардың өткен жылы шеккен өндіру
шығыстарының 1% -ын жіберуге тиіс. Мысалы, 2015 жылдан бастап 2020 жылдың
желтоқсанына дейін жер қойнауын пайдаланушылардан тартылған қаражаттың
жалпы көлемі шамамен 19 млрд. теңгені құрады. Бұл қаражатқа жер қойнауын
пайдаланушылардың технологиялық міндеттерін шешу бойынша «Инновациялық
технологиялар паркі» инновациялық кластері қатысушыларының 137 жобасы 9,6
млрд. теңге сомасында қаржыландырылды. Қабылданып жатқан шаралар
Инновациялық экожүйені қалыптастыруға, жаңа технологиялардың, жаңа
салалардың,
жаңа
материалдық
игіліктер
мен
ел
үшін
маңызды
артықшылықтардың қайнар көзіне, қосылған құны жоғары бірегей өнімдер жасауға
бағытталған. [4]
Қорыта келе, мақалада келтірілген деректердің елдің инновациялық даму
жолына көшуі үшін әлеуетінің бар екенін айғақтайтынын атап көрсету қажет.
Сонымен қатар қоғам деңгейінде инновациялық процеске қатынасу бүгінгі өмір
қажеттілігі. Белсенді инновацияларды қалыптастыру мен қолдап отырудың ұлттық
мүмкіншіліктерін қажетті деңгейге көтеріп отыру үшін қоғам осы құндылықтар
мен озық идеялардың ұлттық басымдылығын түйсіне білгендігі өте керек дүние.
Инновацияның табиғаты өте күрделі нәрсе және ол көптеген факторлар және
қоғамдық институттармен байланысты. [5]