Э. К. Идрисова бас редактордың орынбасары, ету оқу және ғылыми қызмет


Әлем нарығындағы Қазақстан инновациясы



Pdf көрінісі
бет60/96
Дата15.12.2022
өлшемі1,36 Mb.
#57549
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   96
Байланысты:
Вестник-№2-2021

Әлем нарығындағы Қазақстан инновациясыӘлемдік қаржы дағдарысы, 
пандемия, мұнайдың әлемдік бағасының құлдырауы, ұлттық валютаның екі есе 
құнсыздануы бір жыл ішінде республикада қалыптасқан экономикалық болмыстың 
әлсіз жақтарын көрсетті және ел тап болған сын-қатерлерді анықтады. Ғылымды 


Еуразия технологиялық университетінің Хабаршысы. 2021. №2 
62 
қажет ететін экономика жағдайында білімді қалыптастыру, пайдалану және тарату 
елдің экономикалық өсуі, дамуы және әл-ауқаты үшін басты мәнге ие болады. Дәл 
осы процестер ұлттық инновациялық жүйелер тұжырымдамасындағы зерттеудің 
негізгі мәселелері болып табылады. 
Қазақстан экономикасын дамудың инновациялық жолына көшіру жаһандық 
бәсекелестік жағдайында ұлттық экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етуге 
бағытталған мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып 
табылады. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі қоғамдағы инновациялық 
әлеуеттің өсуіне тікелей байланысты. Бұл экономикалық өсу негізінен 
индустриялық-инновациялық жетістіктер, ҒТБ енгізу, компьютерлік, ресурс 
үнемдейтін технологияларды қолдану есебінен жүзеге асырылуға тиіс дегенді 
білдіреді. Қазақстан Республикасының ұлттық даму жоспары, Цифрлық Қазақстан, 
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік 
бағдарламалары іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады. 
2019 жылдың қорытындысы бойынша елдегі кәсіпорындардың инновациялық 
белсенділік деңгейі 11,3%-ды құраған. Салыстырғанда, 2018 жылы көрсеткіш 
10,6% -ға, ал бір жыл бұрын-9,6% - ға тең болған. 
2018 жылмен салыстырғанда 2019 жылы Қазақстанда инновациялық өнім 
көлемі 4,7%-ға өсіп, 1 113,6 млрд. теңгені құрады, бұл ретте оның ЖІӨ-нің жалпы 
көлеміндегі үлесі 1,60% -ды құрайды. 
«Инновациялардың жаһандық индексі» рейтингінде Қазақстан өз позициясын 
77 - орынға дейін жақсартты (2019 жылы 79 орын). Дүниежүзілік экономикалық 
форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің деректері бойынша 
Қазақстан 2019 жылы «Инновациялық әлеует» факторы бойынша 95-орынға ие 
болды (2020 жылы бағалау жүргізілген жоқ). Сонымен қатар, 2020 жылы Қазақстан 
"Bloomberg Innovation Index" рейтингіне (топ-60 ел) оралып, 59-орынға ие болды. 
Инновациялық тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің үлесін 
арттыру жөніндегі жұмысты жүйелеуге және технологиялық кәсіпкерлікті 
дамытуға жәрдемдесуге қажетті заңнамалық және институционалдық негіз, 
инфрақұрылым жасалып үздік халықаралық тәжірибе негізінде заңнаманы 
жетілдіру бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде. Адами капитал және ғылыми 
әзірлемелер саласындағы белгілі бір әлеуетке қарамастан, Қазақстанда 
инновациялық процестерді дамыту төмен деңгейде. Кәсіпорындардың 
инновациялық әзірлемелері аз, патенттік белсенділік әлсіз,
ғылым бизнес пен білім беруден ажыратылған дәстүрлі (индустриялық модель 
шеңберінде жұмыс істеуін жалғастыруда. Ұсынысты ғана емес, инновацияларға 
сұранысты да ынталандыру, бәсекелестік тетіктерді дамыту қажет. [2] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет