21 сәуір 1973 жыл
18 сәуірде Сәбит М ұқанов қайтыс болды.
Ертең (22) жерленбекші. Егер бұрынғылардың
айтқаны рас болса, енді екінші, нағыз өмірі
басталатын адам осы Сәбең болуға тиісті.
Ж ұрт не ойласа да өзі білсін,
менің ойым-
ш а, Сәбит — үлкен дүние. Өзі — Өмір. Хатты
ж аң а тани бастаған қазақты ң қалаулы ұл-
дарының ішіндегі ең ірісі осы адам болуға
тиісті. Өзін өсірген өмірі мен заманы тұрғанда,
Сәбеңді ұрпақтар ұмытпак емес. Бұл — қа-
закты ң Бальзагы . (70 жылдығында солай деп
ем...)
Құрметті адам өлгенде де кұрметті! Хош,
кәрия! Топырағың торка болсын!
* * *
... Бүгін
таңертең балконға шығып едім,
мұрныма ауылдың көктемінін иісі келді. Сонау
«Айқайтастан» соққан ж айлауды ң самалының
иісі келді. Сонау соғыс жылдары шешем екеу-
міз, әжем де бар, қой айдап ж ай лауға алғаш
көшіп
барған балауса, балғын ш ақ есіме түсті.
Әлі мал аяғы таптам аған Ш алкөденің жап-
ж асыл ж азы ғы тұрды көз алдымда. Сол кезді,
сол табиғатты бірінші рет маған көрсеткеніне
құлдық, тәңірім...
12
Сұлу сүйіп, сауы қ кұрмай өтіп барам.
Мейлі,
өкінбеймін.
Туған
жерімнің тұнып
тұрған, қылшығына кылаң түспеген сұлулы-
ғын алдымен мен сүйгем!
Соның бәрінің кы-
зығы менде, менімен, өзіммен бірге кетеді. Ол
айм ақ баяғы дай, менің балауса шағымдай
сұлу емес қазір. Ж ок, сұлу емес. Ол да бөлек
қазір, мен де бөлек. Екеуі де өлген. Тек менін
кеудем мен миымда ғана. Менімен бірге вледі...
23 сәуір 1973 жыл
Кеше (22 сәуір) Алматы Сәбит М ұқановты
акырғы
сапары на аттандырып, коштасты. Тү-
неріп келіп, нөсерлете ж аум ай, анда-санда
бүркіп қан а тұрған күннін райы ыстық та емес,
салқын да емес, коңыржай, шыбынсыз көктем,
ағы лған
ж ұрт нөпірі, өзіне оңаша бөлінген
Көктөбенің баурайы — бәрі де символично. Ха-
лы қ өз ұлынан ештеңесін де аяған ж оқ, ақ
ниеттерімен ақырғы рет қоштасты. Сірә, өз
халқының мұншама ықыласына бөлену — енді
кімдерге қиындау болар...
Өзбектен келген жазуш ы (С аф аров) өз ті-
лінде
ж ақсы
сөйледі.
Ғабең
(Мүсірепов)
толқып сейледі, қоркып сөйледі.
Сонымен, Сәбеңнің екінші өмірінің бірінші
күні басталды. О, оның ұ за к өмірі енді бас-
талды. Сәбеңде арман жоқ!
Өз өмірінін шежі-
13
ресін жазып үлгерді ол. Ал оның өмірі — дәуір-
дің өзі.
Ж ы ртақтаған жігіттерді ж ек көріп кетке-
нім-ай.
Қ арғадай
бастарынан
бакастыкты,
такасты қты ,
пәскене — қоқыстыкты
кайдан
үйренеді осылар?! Бұл ж аксы лы қ емес. Ж асты қ
ж аксы лы кка ғана ұмтылмайтын ба еді?
15 қараш а 1973 жыл
Сонымен, хош бол Москва...
Шын уайым, шын қайғы осылай болады
екен-ау!
18 ңараиіа 1973 жыл
...Үйреніп
қалған ұямдай,
Мәскеуді барам қия алмай.
М иллиондардың ішіне,
Бір басым менің сия алмай.
Еңсемді бір сәт ж ия алмай,
Не бетімді айттым, Алматым,
Не деймін саған ұялмай?..
Таңғы ш ак,
Аяз сорып тұр.
Соғып тұр боран,
Соғып тұр.
Ақ құсым, мені аман-сау,
Алматымменен жолықтыр.
14
Жұмыссыз жүргеніме Ж а қ а жылда бір
жыл толады. Қайтіп, қалай ж ан бағып жүр-
геніме таңданамын.
Достарыңызбен бөлісу: