Тапсырма №15.
1. Бугер заңы.
Бугер-Ламберт-Бер заңы — бір түсті (монохромат) жарық шоғының орта арқылы
өткендегі әлсіреуін анықтайтын заң. Қалыңд. І-ге тең жұтатын қабат арқылы өткен
жарық шоғының қарқындылығы І0 шамадан І шамаға дейін төмендейді. Ол былай
анықталады:
Бугер-Ламберт-Бер заңы
x (каппа деп аталады)-жұтылудың молярлық көрсеткіші альфа депте белгілеуге
болады. Каппаның орнына альфаны коюға да болады
с-концентрация
Бугер-Ламберт-Бер заңында жұтылудың көрсеткіші концентрацияға тура
пропорционал өзгереді.
2. Фотоэлементтің құрылысы, жұмыс істеу принципі.
Фотоэлемент — электрондар ағыны немесе электр тогы жарық арқылы басқарылатын
электрондық прибор.
Оның жұмыс принципі металдан (калий, барий) немесе жартылай өткізгіштен
жасалған электродтың (фотокатод) бетіне электрмагниттік сәуле түсіргенде
фотоэффект құбылысының пайда болуына негізделген. Фотоэлементтің сыртқы
фотоэффект және ішкі фотоэффект құбылыстарына негізделіп жасалған түрлері бар.
Сыртқы фотоэффектіге негізделген фотоэлементте (электрвакуумды фотоэлемент)
жарық әсерінен электрондар шығаратын фотокатод пен электрондарды жинағыш анод
вакуум немесе газ толтырылған баллонға орнатылады.