Тапсырма №1. 1 Белсенді датчиктер Датчик дегеніміз



Pdf көрінісі
бет1/11
Дата16.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#57707
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


Тапсырма №1. 
1) Белсенді датчиктер 
Датчик дегеніміз - өлшенетін шаманы тіркеуге және тасмалдауға
ыңғайлы сигналға айналдыратын құралды айтамыз. Өлшеу
құралының алғашқы құрылғысы сезімтал элемент болып табылатын
тіркеу құрылғысы жүйенің өзімен тікелей байланыста болады.
Медико-биологиялық ақпараттар әсерінен параметрлерін тікелей
өзгертетін биологиялық жүйелерде қолданылатын датчиктер
белсенді(генераторлық) және белсенді емес(параметрлік) болып
бөлінеді.
Кіретін шаманың әсерінен сигнал кернеуге н/е тоққа айналатын датчиктер
белсенді, яғни 
генераторлық 
деп аталады. Бұл генераторлық датчикке
бірнеше типтері кіреді:
1) Пьезоэлектрлі датчик (поляризация)
2) Термоэлектрлі датчик (жылу)
3) Индукциялық датчик (электромагниттік индукцияға (э.қ.к)
негізделген)
4) Фотоэлектрлік датчик (жарық әсері) 
2) Терможұпты бөліктеу.
Екі ұшы дәнекерленген әр текті металдан тұратын құралда электр
энергиясы дененің ішкі энергиясынан пайда болады, температураның
айырымы 
терможұп 
деп аталады. Терможұптар кең интервалда ( -270-тен
+1500С-ке дейін) температураны өлшеу үшін қолданылады. Терможұпты
температураны өлшеуге қолдану үшін бөліктеуге тура келеді. Ол үшін
тізбекте пайда болған терможұптағы қыздырылған дәнекерлеудің
температурасының айырмасы мен дәнекерлеудің тұрақты
температурасының ЭҚК-і арасындағы тәуелділікті аламыз. Бөліктеу
гальванометрдің ауытқуы немесе қыздырылған дәнекердегі
температураның термоэлектрқозғаушы күшінің шамасы арқылы жүзеге
асырылады. Терможұпты бөліктеу қорытындысынан терможұптың ЭҚКне сәйкес 1 
шрадуста қыздырылған дәнекерлеудің температура өзгерісін,
терможұптың заттың табиғатына тәуелді К сезгіштігін, есептеуге болады:
мұндағы гальванометрмен өлшенген I-ток
күші, RT-терможұптың кедергісі, Rг -гальванометрдің орамдарының
кедергісі, Rкос -қосымша кедергі. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет