Бұл заңды тәжірибе арқылы француз ғалымы П.
Бугер ашқан, неміс ғалымы
И.Г.Ламберт оны теориялық жолмен қорытқан, ал тағы бір неміс ғалымы А.Бер
ерітінділер үшін тұжырымдаған. Бугер-Ламберт-Бер
заңы ерітінділердің жарықты
жұтуын өлшеу арқылы ерітілген заттың концентрациясын анықтау әдісінің негізіне
алынған. Бугер-Ламберт-Бер
заңының орындалу ауқымы кең, бірақ жарық
қарқындылығы өте жоғары болған жағдайда kкоэффициенті жарық қарқындылығына
тәуелді болады да, бұл заңнан ауытқушылық байқалады.
2. Фотоэлементтің құрылысы, жұмыс істеу приципі.
Фотоэлемент — электрондар ағыны немесе электр тогы жарық арқылы басқарылатын
электрондық прибор.Оның жұмыс принципі металдан (калий, барий) немесе жартылай
өткізгіштен жасалған электродтың (фотокатод) бетіне электрмагниттік сәуле
түсіргенде фотоэффект құбылысының пайда болуына негізделген. Фотоэлементтің
сыртқы фотоэффект және ішкі фотоэффект құбылыстарына негізделіп
жасалған
түрлері бар. Фотосезгіш қабат шыны баллонның ішкі бетіне немесе баллон ішіне
орнатылған металл пластинканың бетіне жалатылады. Түсетін
жарық ағынының
(фотондардың) әсерінен катодта фотоэлектрондық эмиссия (электрондардың ұшып
шығу құбылысы) пайда болады. Сөйтіп, электрондар ток көзінің оң полюсіне
жалғанған
анодқа қарай қозғалады да, тізбек тұйықталады. Газбен толтырылған
баллонда орнатылған фотоэлементтегі фототок шамасы вакуум баллондағы
фотоэлементтегімен салыстырғанда 10 еседей артық болады.
Мұндай фотоэлементтер
пайдаланылған фотокатодтың түріне, колбаның оптикалық қасиетіне,
газдың бар-
жоқтығына және оның тегіне (аргон, неон т.б.), сондай-ақ жасалу ерекшеліктеріне
қарай бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: