Жеке және шағын-сериялы өндірісте тесіктердің минималды кедір-
бұдырлығын қамтамасыз етуі үшін жұмсақ және қатты түрпілі
материалдарды
қолданып, сылауды жасайды.
СББ бар білдектерде корпустық бөлшектердің өңдеуі.
Корпустық бөлшектерді өңдеудің өнімділігін арттыру үшін
құралдың автоматты ауысымына ие СББ бар көпоперациялық
білдектер (2.8-сур.) қолданылады. Көп операциялық білдектер бір
қондырғы жүзінде дайындаманы төрт-бес жақтардан автоматты
түрде өңдеуге мүмкіндік береді (2.9-сур.). Бұл білдектерде консоль
құралын қолданады және
пішін мен жазық бет бойынша
фрезерлеуді, координаталы бұрғылау мен кеулей жонуды,
тесіктердің үңгілеуін және жазуын, бұранданың шенжоңғуын және
кесуін жасайды. Осындай білдектердің негізінде КАЖ индексіне
(корпустық бөлшектерді өңдеудің автоматты жүйесі) ие, автоматты
көліктік құрылғылармен және роботтармен жабдықталған ИӨЖ
құрылады.
__________________________________________________________
2.8-сурет. Корпустық бөлшектерді өңдеуге
арналған СББ бар көп
операциялық білдек:
1 - СББ бар көп мақсатты бұрғылау-фрезер-кеулейжону білдек;
2 - басқару
құрылғысы;
3 - СББ шкафы;
4 - дайындамалардың айналмалы
жинақтауышы;
5 - жерсерік құрылғысы;
6 - дайындама;
7 - тоқ үстелі;
8 -
аспаптық қорап
1 6 3
Бұл ИӨЖ-де корпустық бөлшектердің
кең номенклатурасын өңдейді
және қаралы, жартылай таза және таза жонғышты, кеулейжонғышты,
бұрғылау, бұранданы кесу және басқа да операцияларды үш-төрт
жақтан дайындаманың қайта орнатуынсыз жасайды.
1 6 4
2.9-сурет. Тік орналасқан көпмақсатты білдекте бір қондырғы жүзінде
корпустық
бөлшектерді
өңдеу
кезінде
орындалатын
технологиялық өтпелдердің сұлбасы:
1 - бетті фрезерлеу;
2 - ұсақ тесіктердің бұрғылауы;
3 - пішін бойынша
фрезерлеу;
4 - тесікті аунала фрезерлеу;
5 - басты тесіктің кеулейжонуы;
6 - жазуы;
7 - бұранда тесіктердің бұрғылауы;
8 - жырашықтың фрезерлеуі;
9 - Т-бейнелі
саңылаудың фрезерлеуі;
10 - бұранданың белгімен кесуі;
11 - тесіктердегі дөңгелек жырашықтың фрезерлеуі
Орындалуы тиімсіз немесе СББ бар білдектерде мүмкін емес
базалық беттер мен операциялардың алдын-ала өңделуі (мысалы,
жоғары дәлдікті координаталы кеулейжонғыш,
ажарлағыш немесе
қашағыш жұмыстары) ИӨЖ-ден тыс жасайды. Кейбір кезде ИӨЖ-
дің құрамына соңғы операциялар үшін қосымша құрал-
жабдықтарды енгізуге болады. СББ бар білдектерден басқа КАЖ
типтегі автоматтандырылған учаскінің құрамына дайындаманың
алдын ала өлшеуі және белгілеу үшін
координаталы белгі қою
машина және түпкілікті өңделген корпустық бөлшектердің өлшеуі
үшін бақылау-өлшеу машинасы енгізіледі. ИӨЖ-де корпустық
бөлшектерді өңдеген кезде әдетте дайындамаларды тасымалдауда
жерсеріктік тәсіл қолданылады. ИӨЖ-де
бағдарлы технологиялық
үрдісті құру ерекшеліктерінің бірі операциялардың бір білдекте
максимал шоғырлануының қамтамасыз етуі, яғни бір қондырғы
жүзінде технологиялық өтпелердің
ең көп санын орындау
мүмкіндігі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: