Корпустық бөлшектердің мөлшеріне және құрылымдық пішіндерге,
шығу сериясына қарай қорап типтегі кондукторларды, жапсырмалы
бұрылыс кондукторларды қолданады немесе белгілер бойынша
өңдеуді жасайды.
Шағын диаметрлі бекіткіш және басқа да саңылаулардың өңдеуі
бұрғылауды, үңгілеуді, шенжоңғыны, жүздің шешуін, бұранданың
кесуін және жонуын қамтиды. Жеке және шағын-сериялы өндірісте
қолмен басқарылатын білдектерде өңдеуді белгілер бойынша
орындайды. Шығу сериясы көп болса, көп айналдырғылы және
бұранда кескіш бастиектерді қолданады, сондай-ақ, өңдеуді
агрегаттық білдектерде жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: