Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет133/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   316
Байланысты:
mm

_________________________________________
б 
2.15-сурет. Білікті өңдеу кезінде көп кескішті білдекті баптау (а, б
180 


тұрақты базасынан ұстау үшін қалқымалы алдыңғы центрлерді 
қолдану ұсынылады.
Жонып өңдеу үшін гидрокөшіргіш жартылай автоматты 1708, 
1Н713, 1Б732 және 1Б732ФЗ мод.қолданады. Гидрокөшіргіш 
жартылай 
автоматтарда 
біліктерді 
қайрау 
даярлау-аяқтау 
уақытының уақытының шығындарын және техникалық қызмет 
көрсету уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.
Ірі сериялы және жаппай өндірісте ұзындығы шағын және үлкен 
диаметрлі біліктерді қайрау үшін көп шпиндель жонушы жартылай 
автоматтар 240-6П, 11А261П мод. және басқалары қолданылады. 
Жартылай автоматта алты немесе сегіз позицияның болуы бүкіл 
жонып өңдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Әрбір позицияда 
өңдеуді бір немесе екі кескішпен жүргізеді. Бұл ретте дайындама 
центрінде немесе патронына бекітіледі.
ЧПУ жону білдектерінде біліктерді өңдеу. Ұсақ сериялы 
өндірісте экономикалық жағынан мақсатқа сәйкес сатылы біліктерді 
16К20Т, 
16К20Т1, 
16К20Ф3С5, 
1713Ф3 
ЧПУ 
және 
басқаларында өңдегенде қолданады.
Басқарушы бағдарламаны (ББ) әзірлеген кезде құралдардың 
қозғалу траекториясын айқындайды және траекторияның тірек 
нүктелерінің координаттарын есептейді. Құралдың қозғалыс 
траекториясы ЧПУ білдектерінде оның бірізді орнының (тірек 
нүктелерінің) қатары түрінде беріледі, олардың әрқайсысы 
сандармен анықталады. Алынған ақпаратты операционды есептеу-
технологиялық картасына (ЕТК) енгізеді де, содан кейін белгілі 
түрде 
геометриялық 
және 
технологиялық 
параметрлерін 
бағдарламалау картасына, сондай-ақ білдектің жұмыс циклдарын 
басқаруға қажетті командаларды жазып алады. Алынған деректерді 
белгіленген кодында бағдарлама тасымалдаушысына жазады. 
Дайындалған ББ қолданар алдында тексереді де, және егер қажет 
болса, түзетеді.
ЧПУ жону білдектерінде орнатудың екі дәстүрлі схемасы ең көп 
қолданысқа ие болды: центрінде (біліктердің дайындамалары үшін) 
және патронда (дискілер мен төлкелердің дайындамалары үшін).
Центрлер, өзіцентрлейтін патрон немесе цанговый қысқыш 
автоматты түрде білдектің Z осінің координатымен дайындаманың 
осінің бағытын үйлестіреді. Құралдың орнын ауыстыруды бсанауды 
бастаудың орналасқан жерін анықтау үшін (тетіктің нолі) 
дайындаманың базалық шетжағы болуы керек, ол жеткілікті 
дәлдіікпен және тұрақтылығымен дайындаманың Z осі бойынша 
санау басталатын жерден бірдей қашықтықта болатындай 
қамтамасыз етуі керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет